Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біздің жас жерлестеріміз - жаттықтырушы Руслан Нұрланұлы Жүнісовтің шәкірттері беделді турнирлерден марапаттар алып келді.
Ағымдағы жылдың 16-22 қазан аралығында Қарағанды қаласында алғаш рет аралас жекпе-жек бойынша Nomad MMA Ашық Азия чемпионаты өтті. Ұйымдастырушылар - NOMAD MMA Бүкіләлемдік Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.
Жарысқа 10 және одан жоғары жастағы 632 спортшы қатысты. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Бангладеш, Ауғанстан, Пәкістан, Иран және Әзірбайжаннан іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары үздік деп танылды.


Біздің ауданды таныстыруға жеті саңлақ жол тартып, олардың үшеуі жүлделі орындарға ие боп қайтты. Дарья Кара мен Юлия Силантьева құрмет тұғырының екінші жолында орналасты, Бекзат Қайырқанов үшінші орынға ие болды.
Балалар аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржановқа және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің директоры Қажет Жүнісбековке осы сайысқа қатысуға материалдық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.
25 қазан күні Риддер қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында жекпе-жек ұлттық спорт түрі бойынша Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтті, оның бас демеушісі - «Қазмырыш».
Алтыншы жыл қатарынан Риддер қаласында аралас жекпе-жек бойынша жарыстар өтуде. Алайда, балалар қатысқан чемпионат алғаш рет өтті. 2003-2012 жылдары туылған 120 сарбаз өз салмақ және жас категорияларында үздік атағына таласу үшін облыстың әр қалаларынан келген.
Руслан Нұрланұлы жаттықтыратын біздің 13 баламыз осы жарыстардың жүлдегерлері атанды. Бес жауынгер ШҚО құрамасының құрамына енді және аудан мен облыс намысын жаңа жарыстар мен турнирлерде қорғайтын болады.
Жас спортшыларды шын жүректен құттықтай отырып, оларға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз