Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Карантиндік шараларды күшейту туралы» 20.04.2020 жылғы қаулысы негізінде коронавирустық инфекцияны экспресс-тестілеу бойынша түбегейлі қадамдар жасалды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Көкпекті ауданындағы меди-циналық мекемелерде тегін экспресс-тест жүргізіледі. Мысалы, «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» ағымдағы жылдың 24 сәуірінде 425 дана экспресс-тест алды.


Дәрігер-эпидемиолог Нұрлыга Уаисованың ақпараты бойынша, жалпы аймақта жағдай тұрақты. 2020 жылдың 5 мамырына дейін коронавирусқа дертіне қатысты 246 зерттеу жүргізілді. Олардың барлығы теріс нәтиже берген. Тексерілуден бірінші кезекте жедел жәрдемнің, емханалардың, стационарлардың медициналық қызметкерлері, ЖРВИ мен тұмаудың белгілері бар тұлғалар, жергілікті органдардың, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда объектілерінің қызметкерлері өтті.
Сондай-ақ төмендегідей қауіпті ауру белгісі бар пациенттерге тестілеу жүргізіледі: жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйелерінің созылмалы аурулары бар адамдар және егде адамдар, сондай-ақ стационарға түсетін жүкті әйелдер.
Экспресс-тест барлық тұрғындарға жасалмайды, ол тек қауіпті аймақта немесе COVID-19 ауруларымен байланыста болған адамдарға ғана арналған.
Экспресс-тест – бірнеше реагенттер салынған тест-жолағы бар бір реттік пластикалық құрылғы. Тестілеу үшін күрделі жабдық қажет емес. Талдауға саусақтан қан алынады. Барлық құралдар стерильді және бір реттік қолданысқа лайықталған. Нәтижені 15 минут ішінде алуға болады, бұл өте оңай әрі жылдам.

Қанат Апсадықова

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз