Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«ҚДС департаментінің Көкпекті аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ ұсынған ақпараты бойынша, 1 шілдеде Көкпекті ауданында коронавирусты жұқтырғандардың саны 17-ге жетті.
Статистикалық көрсеткіш күн санап өсуде. Короновирус індетіне шалдыққан 12 науқасқа тағы 5 адам қосылды. Барлық бесеуі Самар ауылының тұрғындары.
11 ауру «симптомсыз» санатына жатса, 6 КВИ білінеді


Естеріңізге сала кетейік, коронавируспен сырқаттанған науқастар келесі елді мекендер бойынша тіркелген: Самар ауылында – 8 жағдай (6 ересек және 14 жасқа дейінгі 2 бала), Құлынжон ауылында - 4 жағдай (оның ішінде 2 ересек және 14 жасқа дейінгі 2 бала), Көкпекті ауылында – 1 жағдай (ересек) және Қараөткел ауылында - 4 жағдай (оның ішінде 1 ересек және 14 жасқа дейінгі 3 бала).
Барлық байланысы бар ошақтар : 51 адам науқаспен жақын қарым-қатынаста болған, 42 адам – потенциалды қарым-қатынаста болғаны анықталды. Потенциалды қарым-қатынаста болғандардың шеңбері ұлғаюда.
Індетке шалдыққан 17 науқастың 1-уі ауруханаға жатқызылды, 16-сы үйде тағайындалған ем алуда.
Қазіргі уақытта сауығып кеткендер жоқ.
Ауданның барлық тұрғындарына коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін профилактикалық және санитарлық шараларды сақтаудың маңыздылығы туралы еске саламыз. Өзіміз бен жақындарымыздың денсаулығына жанашырлық танытайық!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз