Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

17 Шілде 2020

13 МЫҢ ҚОРҒАНЫС МАСКАСЫ ТАРАТЫЛУДА

Көкпекті ауданы бойынша 13 мың адам тегін қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етіледі. Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан шара аясында бүгінгі күні аудан тұрғындарына 5 мың қорғаныс маскасы таратылып берілген. Жалпы облыс бойынша тегін қорғаныс маскасымен 470 мың тұрғын қамтылмақ.

Бұл мақсатта «Парыз» қоғамдық қорынан қаражат бөлініп отыр. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, 470 мың адам, оның ішінде 13 мың Көкпекті ауданының тұрғындары көп реттік пайдаланылатын маскалармен қамтылады. Олардың арасында – зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы, азқамтылған отбасылар, 1,2,3-топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалардың ата-аналары бар.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша маска тарату жұмыстары Көкпекті ауданында 8 шілдеден басталып кеткен.

Біздің тілші

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз