Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 22 тамызында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен оқушылар шығармашылық сарайында «Бар мейіріміміз балаларда» атауымен іс-шара өткізілді. Бұл шарада аға-әпкелері балаларға жанашырлық танытып, демеуші ретінде сый-сияпат жасады. Аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен жастар маслихатының депутаттары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының балалар демалатын бөлмесіне кілем сыйлады.
Қайырымдылық мақсаттағы шараның демеушілері Көкпекті аудандық жастар маслихатының депутаттары. Атап айтсақ, Ерлан Әзімбаев, Бақытгүл Ершенова, Назым Келербекова.
Сонымен қатар қайырымдылық шарасы барысында аудандық жастар ресурстық орталығының демеушілігімен балаларға оқуға қажетті заттар, ойыншықтар мен тәттілер сыйға тартылды.
- Бұл бастаманы жастар ресурстық орталығы көтерді. Ауданымыздың жастар маслихаты депутаттарына іс шараны өткізуге ұсыныс беріп, олардан қолдау тапқан соң акция өз мақсатына жетті. «Бар мейіріміміз балаларда» атты іс-шарасының мақсаты - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының балаларымен ынтымақтастық қатынас орнату. Өздерінің кем емес, керісінше ерекше екендіктерін сездіру. Оларға ерекше көңіл-күй сыйлау. Іс- шара барысында бүлдіршіндерге жас өнерпаздар әннен шашу шашты. Содан кейін балалар қызықты ойындар ойнады. Өздерін жан-жақты танытып, өнерлерін ортаға салды.


Олардың өмірге деген құлшынысы, сахнаға батылдана шығып, ән айтып, би билеуі шара қонақтарын сүйсінтті. Қаншама жүріп-тұруы қиын болса да, әлеуметтік қызметкерлердің көмегі арқылы көпшіліктің алдында шығармашылық өнерлерін көрсетуі расында көрерменнің ет-жүрегін елжіретті,- дейді игі шараны ұйымдастырушылардың бірі Гүлімай Мырзаханова.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз