Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың карантин және төтенше жағдай қолданылу кезеңінде коммуналдық қызметтер үшін төлемді төмендету туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 18.04.2020 ж. №212 Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдарға шығындарды өтеу қағидаларын бекітті.
Коммуналдық қызметтерді төлеу сәуір және мамыр айларында 15 мың теңгеден келесі санаттағы азаматтарға төленетін болады:
- 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектер;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар; Толығырақ...

Көңілі даладай дархан қазақ елі қашаннан дос, туысқа есігі ашық, қиналғанға қамқор бола білген халық. «Қолы ашықтың жолы ашық» деген даналар келер ұрпағына жомарттықты жолдас, мәрттікті жанына серік ете білуге үндеген. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік таныту арқылы өздері де жақсылыққа кенеледі. Мұндай іс-әрекеттің мысалы ретінде елордадан келген ірі бизнесмен Айдын Рахымбаевтың өз жерлестеріне гуманитарлық көмек көрсетуі болып табылады.

Құлынжон ауылдық округінің әкімі Самархан Демесіновтың айтуынша, Айдын Жұмаділұлы ауыл тұрғындарына қажетті азық-түлік сатып алу үшін ақшалай көмек берді. Облыс орталығында 5 тонна жоғары сұрыпты ұн, 1000 литр күнбағыс майы, 5 тонна макарон өнімдері сатып алынды.
Барлық өнімдер Құлынжон ауылының 200 ауласына бөлінді. Әр отбасы үшін 1 қап жоғарғы сортты ұн, 5 литр күнбағыс майы, 5 кг макарон өнімдері бөлінді. Қалған бөлігін әкімдік Көкжыра ауылының 25 отбасына тараттып.

Толығырақ...

Кең пейілді, жомарт жүректі асыл азаматтарға қазақ кенде емес. Айдын Рахимбаев, Дәулет Тұрлыханов сынды елге қамқор азаматтар қалтқысыз қайырымды істерімен көкпектіліктерді әркез қуантып жүр. Ел қамын ойлаған оларды Көкпекті халқы «Асыл азаматтар!» деп асқақтатады. «Ел бағына туған ер» деп әспеттейді.

15 сәуір күні Көкпектіге қазақтың даңқты палуа-ны Дәулет Тұрлыханов жолдаған гуманитарлық көмек келіп жетті. Ауданға келген гуманитарлық көмекті аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы бастаған жұмыс тобы қарсы алып, өкіліне Дәулет Болатұлына бағытталған халықтың рақметін айта отырып, Алғыс хат табыстады. Аудан басшысы арнайы құрылған комиссия мүшелеріне Дәулет Болатұлы жолдаған көмек қорын 280 отбасына қажеттіліктеріне сай әділ бөліп беруді міндеттеді.

Толығырақ...

Құрметті жерлестер!

Қазіргі уақытта біз сіздермен ел, облыс, аудан өмірінде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы жарлығымен төтенше жағдай режимі енгізілді. Біз қауіпті індеттің таралу көрсеткіштерін әлемдік, республикалық деңгейде күн сайын қадағалап отыратынымыз анық.

Осындай қиын жағдайда ең шұғыл және қатаң шаралар қабылданады. Жұмыс орындарының өз қызметін тоқтатуы немесе қызметкерлерін қысқартуы, қатынастың шектеліп, оқшаулау режимінің іске қосылуы – мұның бәрі халық денсаулығы үшін маңызды шара.
Сіздермен бірге біз санитарлық қызметтің ұсыныстарын қатаң сақтап, елді мекендерімізді таза ұстап, аудан тұрғындарын қорғауға тиіспіз. Бірақ бұған тек жауапкершілікті мінез-құлық, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы қол жеткізуге болады. Осы тұста біз жас ұрпақты медицина қызметкерлерінің ескертуіне құлақ асып, ел өмірі үшін жауапкершілік сезінуге шақырамыз.
Барлығымыз бірге төтенше жағдай шараларына байсалдылықпен қарап, өзіміз бен жақындарымыздың өміріне қауіп төндірмеу үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз керек! Карантин режимі барлық байланыстарды шектеуге және қауіпті вирустың таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Әрбір жеке тұлғаның сана-сезімі мен жауапкершілігі болмаған жағдайда, биліктің ең қатаң шаралары мен тәртіп ережелері ешқандай нәтиже көрсетпейтінін ескерген жөн.
Қазір ең бастысы - ынтымақтастық, жауапкершілік, қорғаныс. Бұл халықты коронавирустық инфекциядан қорғау үшін қажет уақытша шара екенін түсінуіміз керек. Инфекцияға бейқамдықпен қарау, медициналық нұсқауларды елемеу, өзіңізге және басқаларға індет жұқтыру қаупін арттыратынын ұмытпаңыздар, құрметті жерлестер!
Жағдай күрделі, бірақ біз береке-бірлігіміз бен асқан мұқияттылығымыздың арқасында бәрін жеңетін боламыз.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Елдегі төтенше жағдайға қарамастан көкпектілік шаруа қожалықтар көктемгі егістік жұмыстарына қызу дайындық жүргізіп жатыр. Бүгінде техника жөндеу, тұқым дайындау, арзандатылған дизель отынын алу жұмыстары басталып кетті. Егістік науқаны негізінен сәуірдің 20-нан кейін басталады. Ол көктемгі ылғал жабу жұмыстарынан бастап, жер жырту, дәнді дақылдар себу ретімен атқарылмақ. 

Егіс жұмыстарын ұйымдастыру ауа райы, тұқым сапасы және жеке ауыл шаруашылығы өндірушісінің жыл қорытындысы ғана емес, жалпы ауданның да әл-ауқатына байланысты. Сондықтан көктемгі егіс жұмыстарының барысы аудан әкімінің ерекше бақылауында.
4 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Серікбек Қонысбаев және аудандық газет тілшілері бірқатар іргелі шаруа қожалықтарында болып, дайындық барысын көзімен көріп қайтты. Қайрат Дүйсенбаев басшылық ететін «Рустам» қожалығы, Жұмабек Күшікпаевтың "Талап" ШҚ, ағайынды Бекбердиновтердің «Елім-ай» агро-өнеркәсіп кешені, Ержан Қойгелдиннің «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалары сақадай сай. Сондай-ақ, Самар өңіріндегі Есембек Мәмбетовтің «Мәмбет», Самарқан Жотабаевтың «Қалисатарұлы», Михаил Лопаткиннің «Лик» шаруа қожалығының базасында болған сала басшылары дайындық барысына оң баға берді.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз