Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында коронавирус індетінің алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Ауданға кіру және шығу жолдарына полиция қызметкерлерінің қатысуымен тәулік бойы бақылау орнатылды. Әрбір ауылдық округке келіп-кеткен жолаушылар тіркеуге алынуда. Түнгі уақытта кезекшілік ұйымдастырылып, бейсауат жүрген тұрғындарға індеттің қауіптілігі мен оқшауланудың маңыздылығы түсіндірілуде. Аудан әкімі Асхат Смаилов әрбір ауылдағы жағдайды қадағалап, кезекшілік жұмысын жіті бақылауда. Самар ауылындағы кезекшілік жұмысын қадағалау мақсатында күн сайын аудан әкімінің орынбасарлары барып танысып отыр.

Толығырақ...

"Biz birgemiz!" республикалық акциясы аясында Самар кәсіпкерлері еліміз аумағындағы төтенше жағдайға байланысты карантиндік режім кезінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тегін көмек көрсетуге белсенді қатысты.

Самар ауылдық округіндегі 41 отбасының әр қайсысына 3 мың теңге мөлшеріндегі азық-түлік және 7 мың теңгеге ет өнімдерін алды. Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 413 000 теңгені құрады.
Осы игі іске округтің шаруашылық басшылары - С.Жотабаев, Е.Мамбетов, Ж.Мамбетов, Е.Дюсупов, Е.Болде, М.Лопаткин, М.Құмаров, Р.Раев, А.Федосов, А.Нарожнев өз үлестерін қосты.

Толығырақ...

«Біз біргеміз»! Елімізде дәл осындай атаумен республикалық акция бастау алған болатын. Бұл игі шарадан көкпектіліктер де қалыс қалған жоқ. Көкпекті ауылдық округіндегі көпбалалы аналардың, жалғызілікті ардагерлер мен мүгедектердің үйлеріне барып, азық-түлік толы әлеуметтік пакеттерді табыстап жүр.

Көкпекті ауылдық округін-де 23 наурыз күні «Біз біргеміз» акциясын қолдау мақсатында ауыл әкімі мен жеке кәсіпкерлер бірлесіп, мұқтаж жандар, көпбалалы аналар мен жалғызбасты қарияларға арналып 17 азық-түлік пакеттері әзірленіп, сонымен қатар, елімізде болып жатқан төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 50 дана медициналық қорғаныш маска мен 30 ірі қара мал еті таратылды. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға шынайы қамқорлық көрсетуге атсалысқан жеке кәсіпкер «Елім-ай» ЖШС-нің басшысы Б.Бекбердинов, жеке кәсіпкер Р.Ибрагимов, «Виничук» ЖШС басшысы В.Виничук.

Толығырақ...

«Қара құс астына басып жейді, сұңқар маңына шашып жейді» дегендей, өзімде ғана емес, өзгеге де болсын деп, шын мұқтажға көмегін аянып қалмайтын жандар болады. Сондай жандардың бірі, әрі бірегейі Құлынжон ауылының тумасы, «BI Group» компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев.

Айдын Рахымбаев пен өзі басқарып отырған «BI Group» компаниясы дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қолдау үшін 100 млн теңге бөлді. Бұл біздің жерлесіміздің тағы бір мәрттігін көрсетті. Компания басшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында:

Толығырақ...

Ауданымызда короновирустың таралмауы, халықтың денсаулығы, бүгінгі таңдағы тұрғындарымыздың көкейінде тұрған мәселе. Әр ауыл әкімі әр үйдің коронивирусқа қарсы қандай сақтық шараларын жүргізетінін түсіндіріп, жіті қадағалауда.

Көкпекті ауылындағы дәріханаларда меди-циналық маска тапшы екені бәрімізге аян. Бұл жалғыз бізде емес, бүкіл республика көлемінде солай. Бұл әлемде короновирус індеті тарай бастағалы сақтық шаралары үшін алдын ала көптеп сатып алғанның себебінен болып отыр.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз