Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Біз біргеміз»! Елімізде дәл осындай атаумен республикалық акция бастау алған болатын. Бұл игі шарадан көкпектіліктер де қалыс қалған жоқ. Көкпекті ауылдық округіндегі көпбалалы аналардың, жалғызілікті ардагерлер мен мүгедектердің үйлеріне барып, азық-түлік толы әлеуметтік пакеттерді табыстап жүр.

Көкпекті ауылдық округін-де 23 наурыз күні «Біз біргеміз» акциясын қолдау мақсатында ауыл әкімі мен жеке кәсіпкерлер бірлесіп, мұқтаж жандар, көпбалалы аналар мен жалғызбасты қарияларға арналып 17 азық-түлік пакеттері әзірленіп, сонымен қатар, елімізде болып жатқан төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 50 дана медициналық қорғаныш маска мен 30 ірі қара мал еті таратылды. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға шынайы қамқорлық көрсетуге атсалысқан жеке кәсіпкер «Елім-ай» ЖШС-нің басшысы Б.Бекбердинов, жеке кәсіпкер Р.Ибрагимов, «Виничук» ЖШС басшысы В.Виничук.


Акцияның жалғасы ретінде 26 наурыз күні «Сұлтман» шаруа қожалығының басшысы С.Ибраимов 30 пакет ірі қара мал етін ұсынды. Ауылдық округ бойынша жалпы саны 77 жанұя әлеуметтік көмекпен қамтылды. Ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазинов барлық отбасыларды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, бүгінгі ел аумағында орын алып жатқан жағдайлардың уақытша екенін, ал осы қиыншылықты бірге жеңу үшін әр тұрғынды өз денсаулығы үшін жауапкершілік танытуға шақырды. Балаларды уақытша жабылған, дезинфекцияланған саябақтарға жібермеу, санитар-лық шараларды үй жағдайында, жұмыс орнында үздіксіз жасап отыру туралы үндеу жолдады.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз