Ауданымызда цифрлық теңсіздікті жою мақсатында жұмыстар жоспарға сай жүргізілмек. Яғни,сапалы байланысты қамтамасыз ету мақсатында жоғары жылдамдықты интернет желісін тарту жұмыстары жақын күндері бастау алмақ.
Сәуір айында аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы “Қазақтелеком” АҚ Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының өкілдерімен кездесу өткізіп, аудан аумағындағы интернет жылдамдығын арттыру мәселесін талқылады. Кездесу нәтижесінде Көкпекті ауылында 2025 жылдың соңына дейін «GPON» технологиясы негізінде талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылатыны белгілі болған еді.
Толығырақ...19 мамыр күні Көкпекті аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Көкпекті аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ләззат Бауыржанқызы Арашева, аудандық мәслихат төрағасы Сарманов Талғат Манафұлы, аудандық мәслихатының 10 депутатының 8-і (екі депутат ZOOM жүйесі арқылы қатысты), дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы; Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 «Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, сонымен қатар Жер комиссиясы туралы және Көкпекті аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1-4 «Сегізінші шақырылған Көкпекті аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы және Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1-5 «Сегізінші шақырылған Көкпекті аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Сессия соңында аудандық мәслихат төрағасы Т.М. Сарманов, «Amanat» партиясы Көкпекті аудандық филиалының атқарушы хатшысы Р.А. Кемербаева, депутат Р.А.Кажиакберовке бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыстарын айтып, жаңа лауазымға табыс тіледі.
Қаңтардың 20 -сы күні Көкпекті аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Әділет Қожанбаев, аудандық мәслихат төрағасы Талғат Сарманов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Толығырақ...Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Шұғылбай ауылдық округіне қарасты Мелитополь елді мекенінде орналасқан "Қажымұқан" шаруа қожалығы 2001 жылы ашылған. 3900 гектар жерді өңдеп отырған қожалық асыл тұқымды ірі қара, жылқы өсірумен қатар арпа, бидай және күнбағыс егумен айналысады. Шаруа қожалығындағы 9 трактор мен 1 комбайн жүйелі жұмыс істеп тұру үшін механизатордың шебер қолы қажет. Осы істі қожалық ашылғалы бері «техникалың құлағында ойнайтын» Айдаров Қадылбек Қапсейітұлы адал атқарып келеді.
Қадылбек Қапсейітұлының биылғы зейнетке шығуына орай Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Сүйесінов Мақсат Сайлауғазыұлы арнайы барып, аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың құттықтауы мен алғыс хатын және еңбегімен еленген тұлғаларға берілетін «Еңбек ардагері» медалін табыс етті. «Ауыл тұрғындарының әл-ахуалын жақсарту ісіне белсене араласа отырып, ауданның әлеуметтік, саяси-экономикалық дамуын сақтаудағы игілікті істе қанатыңыз талмасын, Мерейлі мерекеңізде Сізге әрқашан өмірдің белестерінен қайыспай өтіп, әрдайым мәртебеңіз биік болып, еңбегіңіздің жемісін көруіңізге тілектеспін!» - деп жазды аудан әкімі өзінің құттықтау хатында. Сондай-ақ Шұғылбай ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов өз атынан Алғыс хат табыс етіп, туған күн иесін құттықтады. "Қажымұқан" шаруа қожалығының басшысы Жәлел Байназаров өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты ретінде құттықтау хатын табыс етіп, шаруа қожалығы атынан Қадылбек Қапсейітұлына су жаңа JAC J7 автокөлігін сыйға берді. «Қадылбек Қапсейітұлы техниканы шебер меңгерген жан, сонымен қатар жұмысқа өте үлкен жауапкершілікпен қарайтын адал азамат. Біздің шаруа қожалығы бүгінгі деңгейге бір күнде келе салған жоқ, қаншама қиындықтар бастан өтті. Сол қиындықтардың барлығында Қадылбек ағам жанымнан табылып, менімен бірге талай ауыртпалықты белі қайыспай көтеріп шықты»,- деді Жәлел Қажымұқанұлы туған күн иесіне айтқан лебізінде.
10 қаңтар күні аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы жоспар бойынша аудан тұрғындарын қабылдады. Аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығына тиісті бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері жиналып, қабылдауға тізімге тіркелген тұрғындардан ең алдымен Көкпекті ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана Дмитриева Снежана Владимировна кірді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.