Елде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы басталды. Бұл бастама бойынша ауданда да тазалық шарасы ұйымдастырылды. Шараға “Amanat” партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Әбдікәрімов, Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржанов, аудандық мәслихат депутаттары мен жастар қатысты.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шара Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында іске асырылуда. Енді «AMANAT» партиясы бұл бастаманы әр бейсенбі сайын ұйымдастыруды көздеп отыр.
Мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акция аясында тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасы абаттандырылып, өзен-көлдердің жағалаулары тазартылады.
Шара аясында ауданымызда 100-ге жуық жиналған адам «Илья бұлағы» аумағын тазартып, бұлақ көздерін ашты. 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
29 мамыр күні қоғамдық келісім орталығы - облыстық Достық үйі қызметкерлері мен қоғамдық институттың өкілдерінің ұйымдастыруымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты лекторийі өтті. Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржанов, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.
Лекторийда қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйінің директоры Надежда Шарова, ҚХА құрылымдарымен, этномәдени бірлестіктермен, қалалық және аудандық Достық үйлерімен жұмыс жасау бөлім басшысы Сания Жақсылықова, ғылыми-сараптамалық, ақпараттық, талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің әдіскерлері Әлем Қажығұмарқызы және Шынар Берікқызы тақырып аясында сөз қозғады.
Толығырақ...13 наурыз күні Көкпекті аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық отырыс өткізілді. Отырысқа ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме және ұйым өкілдері, салалық қызмет басшылары қатысты. Күн тәртібінде бірқатар маңызды сұрақтар қаралды.
Су қорларын тиімді пайдалану, ауылдық округтер кесіндісінде лиманды суару жүйесін қолдану туралы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серік Байсенгіров баяндама жасады.
8 ақпан күні Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебінде "Әкем - алтын діңгегім" атты әкелер форумы өтті. Мектеп ұжымының ұйымдастырумен өткен атаулы шараға оқушылардың әкелері арнайы шақырылды. Бұл форум арнайы бағдарлама бойынша түрлі іс-шаралармен бірге өтті.
Іс-шара мақсаты – әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, мектеп өміріне деген жақсы көзқарастарын қалыптастыру. Тәрбиелік мәні зор болған шарада отбасындағы әкенің рөлі, тәрбиесі кеңінен сөз болды. Әкелерді мектептің дәлізінен қарсы алып, әкелермен асық ату, шашки ойнау, шардағы арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру сынды түрлі ойындар ойнатылды.
Толығырақ...Аудан орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған. 27 қаңтар сенбі күні Көкпекті ауылының Ұлы Дала Елі алаңында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл жерде тұрғындардың тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін нарықтағы бағадан арзандатылған бағамен сатып алуға мүмкіндігі бар.
Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметіне сәйкес бұл жәрмеңкеде 8 бас ірі қара мал еті, 4 бас қой еті, 150 кг құс еті (қаз, үйрек), балық - 580 кг, жұмыртқа, бал, сүт өнімдері саудаланды.
Айта кететін болсақ, ауданымызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында айына 2 рет тұрақты түрде жәрмеңке ұйымдастырылуда.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.