Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Толағай ауылына іс-сапар барысында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев ауыл тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімі ауыл тұрғындарына ауданда бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Толағай ауылын дамыту бойынша ұсыныстар талқыланды.

Ауыл тұрғындары тарихта болмаған асфальт жол салынып жатқанына ризашылықтарын жеткізді. Аудан орталығымен байланыстыратын автокөлік жолын асфальттау жұмыстары тезірек толық аяқталсын деген тілектерін де білдірді. Сонымен бірге ауыл халқы орталық көшеге салынған асфальт жол мектеп қоршауына дейін жеткізілсе деген өтініштерін айтты. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, сәулет, құрылыс және қала құрылысы, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Жарқын Түндікпаевқа бұл мәселені жан-жақты зерделеп, шешу жолдарын ұсынуды міндеттеді.


Толағай ауылының негізгі мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 30 бала білім алатын мектепте бала санының аза-юына байланысты негізі мектеп статусынан айрылу қаупі төнген болатын.
- Өздеріңізге белгілі мектепте бала санының азаюына байланысты негізгі мектеп мәртебесінен айырылып қалу жағдайында болған. Осы орайда, аудандық білім бөлімінің басшысы Аслан Танысбаевқа жаңа оқу жылынан бастап, Толағай ауылында бұрын болмаған шағын орталық ашып, мектепті сақтап қалуға барлық шараларды қабылдауды тапсырдым. Қазір мектеп жанынан шағын орталық ашу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қажетті кабинеттерде жөндеу жұмыстары атқарылып, шағын орталықтың ашылуына қызу дайындық жасалуда. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап мектеп жанынан ашылатын шағын орталықта 15 бала тәрбиеленіп, 2 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Осындай шағын ауылдарды жан-жақты қолдап, мектептерді сақтап қалуымыз қажет. Ауылда халық тұрақтануы инфрақұрылымдар мен әлеуметтік нысандар болуы шарт. Жол, таза ауыз су, мектеп, медициналық пункт және балабақша болса ауыл халқы ешқайда көшпейді. Ауылды сақтап қалатын - мектеп, - деді аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы.
Аудан әкімі мектепте атқарылып жатқан жөндеу жұмысының барысымен танысты. Мектеп директоры Гүлфия Тоқтасыноваға жаңа оқу жылына дейін жөндеу жұмыстарын толық аяқтап, шағын орталықты ашу бойынша тиісті шаралар қабылдауды жүктеді. Сондай-ақ аудан басшысы мектеп директоры Гүлфия Тоқтасынова мен директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Жұмағайша Сармановаға білім ордасының ауласын абаттандыру жұмыстарын өте жоғары деңгейде жүргізгені үшін алғыс білдірді. Расымен де, мектеп ауласында жайнап тұрған гүлзарлар көздің жауын алады.
Қазіргі уақытта Көкпекті ауданында шағын ауылдарды жан-жақты қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Нақты айтатын болсақ, биылғы жылдың өзінде Көкпекті ауданының Ақой, Мамай, Биғаш ауылдарында шағын орталықтар ашылды. Жаңа оқу жылының басында Толағай және Ажа ауылдарында мектеп жанынан ашылатын шағын орталықтар жұмысын бастайды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз