Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

18 Шілде 2023

ӨҢІРЛІК КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ КӨКПЕКТІДЕ

5-9 шілде аралығында Көкпекті ауданына саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Абай облысының өңірлік комиссия мүшелері жұмыс сапарымен келді. Аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. 

Жұмыс сапарының мақсаты - саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санатына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру. Абай облыстық комиссиясының мүшелері саяси қуғын-сүргін құрбандары мен олардың ұрпақтарының, ата-бабаларының қасіреті туралы естелік қалдыра алатын куәгерлердің, 1920-1950 жылдары туылған аға буын өкілдерінің түрлі санаттағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының яғни:
• Байлар, кулактар, жартылай феодалдар;

Read more

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

6 шілде күні Көкпекті ауданына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Сабильянов Нұртай Салихұлы және Заитов Ринат Рифхатұлы жұмыс сапарымен келді. Мәжіліс депутаттары Көкпекті, Шәріптоғай, Шұғылбай, Биғаш, Преображенка және Тассай ауылдарында болып, тұрғындармен кездесулер өткізді.

Бірінші кезекте "AMANAT" партиясының Көкпекті аудандық филиалында аудан орталығы тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге ауыл тұрғындары, аудандық мәслихат төрағасы Талғат Сарманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, партия филиалының жетекшісі Раушан Кемербаева, аудан әкімінің орынбасарлары Дәурен Қойгелдин және Мақсат Сүйесінов, аудандық мәслихат депутаттары Асыл Төлешова мен Дархан Дүйсембаев қатысты.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз