Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

6 шілде күні Көкпекті ауданына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Сабильянов Нұртай Салихұлы және Заитов Ринат Рифхатұлы жұмыс сапарымен келді. Мәжіліс депутаттары Көкпекті, Шәріптоғай, Шұғылбай, Биғаш, Преображенка және Тассай ауылдарында болып, тұрғындармен кездесулер өткізді.

Бірінші кезекте "AMANAT" партиясының Көкпекті аудандық филиалында аудан орталығы тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге ауыл тұрғындары, аудандық мәслихат төрағасы Талғат Сарманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, партия филиалының жетекшісі Раушан Кемербаева, аудан әкімінің орынбасарлары Дәурен Қойгелдин және Мақсат Сүйесінов, аудандық мәслихат депутаттары Асыл Төлешова мен Дархан Дүйсембаев қатысты.


Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары Парламентте атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, талқылаудағы Заң жобалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Заңсыз шығарылған активтерді қайтару» туралы Заң қабылданғаны айтылды. Сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға өзгерістер енгізу барысында тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулері маңызды екені тілге тиек етілді. Ринат Рифхатұлы «МассМедиа» туралы заңға енгізілетін өзгерістерге кеңінен тоқталды.
Өз кезегінде Нұртай Салихұлы атқарылған жұмыстар, жаңадан енгізілген заң талаптары, халықтың ұсынысына сәйкес жасалған түзетулер мен өзгертулерге тоқталып өтті. Аз уақытта басталған ауқымды бастамалар шеңберінде ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, депутаттар заң аясында сүйемелдеу жұмыстары жасалып, зерделенетіндігін жеткізді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көптеген өзекті мәселелер көтерілді. Ең бастысы жыл бұрын құрылысы басталған Омск-Майқапшағай халықаралық автокөлік жолының "Қалбатау-Көкпекті" аралығын жаңғыртуды аяқтау сұрағы болды. Бұл мәселе бойынша халық қалаулылары қайта құрылған жоспар бойынша жол құрылысы 2024 жылдың аяғына дейін толық аяқталу тиіс деген жауап берді. Сондай-ақ өскелең ұрпақ тәрбиесі, мемлекеттік тіл мәртебесі, балық аулау, табиғат қорғау, мүгедектік бо-йынша жеңілдік алу барысындағы қиыншылықтар айтылды. Ауыл азаматы Дамир Мырзасов көпшілік күнде кездесіп жүрген біршама қиындықтар туралы айтып берді. Тұрғындар жаз уақытында қора-қопсысын жөндеуге, үйін сылауға қажетті тас-құм мен топырақты алуға рұқсат жоқ. Бұл қоғамды толғандырған үлкен мәселе. Бұл сұрақ осыған дейін де неше мәрте көтерілген. Бірақ қанша уақыт өтсе де шешімін таппай тұр.

Партия филиалынан шыққан депутаттар аудандық ауруханаға арнайы ат басын бұрды. Аурухананың бас дәрігері Махат Габдуллин ғимаратты аралатып, жағдаймен толық таныстырды. Мәжіліс депуттары жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевпен болатын кездесуде Көкпекті аудандық ауруханасын жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу мәселесін міндетті түрде көтеруге уәде етті.
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың халықпен кездесулері Шәріптоғай, Шұғылбай және Биғаш ауылдарында жалғасты. Бұл кездесулерде ауыл шаруашылығын дамыту, елді мекен маңындағы жайылымдарды кеңейту, азық-түліктің бағасын реттеу, ауылдарды жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету, тұрғын үй салу, Көкпекті аудандық ауруханасын және Шұғылбай ауылындағы мектепті күрделі жөндеу, Көкпекті-Биғаш автожолына асфальт төсеу мәселелері көтерілді. Ауыл тұрғындары Нұртай Салихұлына шабындық және мал бағатын жер ала алмай жүргенін жеткізіп, аудандық Жер комиссиясының жұмысына наразылықтарын білдірді. Сонымен бірге Шәріптоғай, Шұғылбай және Биғаш ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы барысымен таныс-ты.
Ринат Заитов жұмыс сапарын Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округте жалғастырды. Алдымен апаттық жағдайда тұрған ауылдағы медицина мекемесіне барды. Бұл жерде де жобалау-сметалық құжаттар дайын. Мәселе қаражатқа келіп тіреледі. Ринат Рифхатұлы тиісті құжаттарды алып, жа-уапты басқармадан жағдайды анықтап, өз тарапынан қаржы бөлінуіне ықпал етуге уағдаласты.
Мәдениет үйінде өткен кездесуде Преображенка ауылының халқы бірқатар сұрақтарды ортаға салды. Ауылдағы интернет байланысы сын көтермейді. Сондай-ақ облыстық маңыздағы автокөлік жолы ауыл ортасымен өтетіндіктен жылдамдықты шектеу белгілерін қою мәселесі де кезек күттірмейді.
Тассай ауылында өткен кездесуде жерлестерінің барлық мұң-мұқтажы мен өтінішін ардагер Қуан Түсіпбеков жеткізді. Денсаулық сақтау саласы мамандарының еңбекақысы өте төмен. Ауылдық жерде білікті мамандар жетіспеушілігінің негізгі себебі де еңбекақының төмендігі, -дейді құрметті ақсақал. Қазіргі қоғамның ең үлкен дерті құмар ойындарға тоқтау салу туралы елжанды азамат Біржан Түсіпбеков мәселе көтерді. Барлық сұрақтар мен өтініштер бақылауға алынды.
Халық қалаулыларының ауданға жұмыс сапары барысындағы елдің тілегі орындалу үшін алдағы уақытта жүйелі істер өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз