Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев 13 қыркүйек күні жұмыс сапарымен Биғаш ауылына барды. Сапар барысында аудан басшысы Биғаш негізгі мектебінің жағдайымен танысып, ауыл халқымен кездесу өткізді. Кездесуге округке қарасты Егінбұлақ және Биғаш ауылының тұрғындары қатысты.

 

Бірінші кезекте Биғаш негізгі мектебінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Мектеп директоры Айсұлу Қаусова аудан басшысына атқарылған жұмыстар туралы мәлімет беріп, оқу кабинеттерін көрсетті.
- Аудан әкімінің тапсырмаларын орындау мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. Мектеп ғимараттарының терезе блоктары ауыстырылып, жылу беру қазандығын ағымдағы жөндеуден өткізіп, ауыстыру жұмысы аяқталуда. Аудан әкімінің тікелей мұрындық болуымен ашылған балабақшада 25 бала тәрбиелеп отырмыз. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 10 бүлдіршін келді. Салыстырып қарасақ, былтырғы жылы тек қана 1 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған еді. Қазіргі уақытта мектепте барлығы 78 бала білім және тәрбиемен қамтылуда, - деді мектеп директоры Айсұлу Әділбекқызы.
Оқушылардың үстіндегі жаңа мектеп формасы бірыңғай үлгіде тігілген екен. Жарасымды жаңа форма бірден көз тартады. Аудан әкімі мектеп басшылығының бұл бастамасына жоғарғы баға беріп, балалармен естелік фотосуретке түсті.
Келесі кезекте жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірге мектептің жылыту қазандығын ауыстыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар қаралды. Мектеп директоры Айсұлу Қаусова атқарылған жұмыстар туралы мәлімет беріп, қалған шаруаларды ағымдағы айдың 20-на дейін толық аяқтайтынын айтты. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев мектеп директоры мен жергілікті қауымдастық өкілдеріне жөндеу жұмыстарының барысын күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды.
Жұмыс сапарының барысында ауыл халқымен кездесу өткізілді. Білім ордасының ғимаратында өткен кездесуде аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша баяндап берді. Сөз барысында Биғаш ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстарды тарқатып айтты. Кездесуде тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап беріліп, бірқатар мәселелер талқыланды.
- Биғаш ауылы қашан да менің ерекше назарымда. Қордаланған мәселелер өз ретімен шешімін табуда. Биыл бірқатар шаруалар атқарылып жатыр. Алдағы жоспарларымыз да ауқымды. Келесі жылы Биғаш ауылының ішкі көше жолдарына толық асфальт салынады. Көкпекті-Биғаш автокөлік жолын асфальттау бойынша 3 бөліктен тұратын жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Жер беру тұрғысында жүйелі жұмыс бар. Кеше ғана сала мамандары Егінбұлақ ауылына арнайы барып, халықпен жұмыс жасады. Жері жоқ жергілікті тұрғындарға бірінші кезекте жер бөлінеді. Бұл жұмыс Биғаш ауылында жалғасады. Бастысы - барлық іс-әрекет заң аясында жүзеге асатын болады. Менің мақсатым – әділ шешім шығарып, халықтың өтінішін қанағаттандыру. Халықтың мұң-мұқтажы ескеріледі, өтініші жерде қалмайды, - деді аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы.
Күн тәртібіндегі ең өзекті сұрақ Биғаш ауылында салынып жатқан су құбыры желілерінің құрылысын сапалы жүргізу мәселесі болды. Халық тарапынан мердігер ұйым жұмысына біршама ескертулер мен сын айтылды. Аудан әкімі ауылдық округ әкімі Қайрат Ахметқалиевқа құрылыс барысын қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Сондай-ақ түнгі жарықтандыру шамдарын ретке келтіру, жер мәселесі, «Ауыл аманаты" бағдарламасымен жеңілдетілген несие алу сұрақтары көтерілді. Аудан әкімі барлық сұрақтарға жауап қайтарып, тиісті бөлім басшыларына мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз