28 сәуір күні әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Көкпекті ауданының ТЖБ бастығының м. а. азаматтық қорғау подполковнигі Р. Ахметзакимен баспасөз брифингі өтті. Ашық әкімдік ғимаратында өткен брифинг барысында аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің 2021 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстарымен танысуға болады. Осы бөлімнің бас маманы Руслан Тайырұлы Ахметзаки БАҚ өкілдерімен кездесіп, «Tolagai news» ақпараттық порталында, тікелей эфирде тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Көрермендерге түсінікті болу үшін брифинг екі тілде өтті.
Руслан Тайырұлының айтуынша ТЖБ-де 2021 жылдың 1-тоқсанында 46 өтініш пен хабарлама және өзге де ақпарат тіркелді. Оның ішінде 8 өрт, 11 жағдай өрт (жану) ретінде есепке алуға жатпайтын, АҚЖ-11. Өрттен келтірілген материалдық шығын сомасы 695000 (алты жүз тоқсан бес мың) теңгені құрады.
-Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, өрттің саны сол деңгейде қалды, өрттерден келтірілген материалдық залал сомасы 3,5 еседен астам өсті.
Иіс тиіп уланудан зардап шеккендердің саны артты. 2021 жылдың басынан бері 7 адам зардап шекті, оның ішінде 4 бала (2020 жылдың сәйкес кезеңінде 4 адам зардап шекті, оның ішінде 2 адам қайтыс болды). 2020 жылғы осы кезеңде өрттердің туындауына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін 22 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Наурыз айының соңында Көкпекті ауданына Қарағанды облысынан ҚР ТЖМ күштерінің әскерилері жергілікті атқарушы органдар мен халыққа көмек көрсетуге келген болатын. ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімнің жиынтық механикаландырылған отряды біздің ауданда көктемгі су тасқынына қарсы шараларды өткізу мақсатында жұмыс жүргізді.
Төтенше жағдай қызметінің құрамы су бөгеттерін нығайтып, арықтардың арнасын кеңейту,тереңдету, бұрылған суға арналған орындарды дайындауға кірісті. Атап өтсек, осы уақытқа дейін олардың көмегімен 3000 қап инертті материалдар дайындалды, су тасқыны қаупі бар учаскелерге 700 қап инертті материалдар төселген. Самар, Преображенка, Миролюбовка ауылдарындағы 3 км арық желілері, Мариногорка ауылдық округіндегі 5 су өткізу құрылыстары тазартылған. Су тасқыны жағдайына және су тасқынына қарсы іс-шараларға мониторинг жүргізуден басқа, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына практикалық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 7 үйдің арықтары мұз бен қардан тазартылды, отын дайындалды және кесілді. Сонымен қатар, құтқарушылар ЖАО қызметкерлерімен және жергілікті құтқарушылармен бірлесіп, Үлгілімалшы ауылдық округінің аумағында орын алған дала өртін сөндіруге қатысты.
15 сәуірде «Nur Otan» партиясы Көкпекті аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Саяси кеңес Бюросының жұмысына аудан әкімі Раджан Сейтқанов қатысты. Күн тәртібінде БПҰ жиналыстарын өткізу кестесін және есеп беру-сайлау конференциясының күнін бекіту туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ 8 қоғамдық кеңестің төрағалары мен құрамын бекіту туралы сұрақтар қарастырылды.
Партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүйелі жүзеге асуын қадағау бойынша партия филиалы жанынан 8 Қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болады. Кеңес құрамына партияның белсенді мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, әйелдер, жастар өкілдері кірді. Әрбір кеңес Сайлауалды бағдарламаның нақты бағытымен айналысатын болады.
Раушан Кемербаева, «Nur Otan» партиясы
Көкпекті аудандық филиалының бірінші орынбасары
Облыс орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері жиі өткізіліп, өнімдер базар нарқынан төмен бағада сатылу дәстүрге айналуда. Халықты арзан өнімдермен қамтуды көздеген шара 20 ақпанда Өскемен қаласында өтті, жәрмеңкеге Көкпекті ауданы қатысты.
Жәрмеңке жұмысын жіті қадағалаған ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары арзандатылған бағамен саудаланған өнімдерімен жеке танысып, ел әлеуетін арттыруға арналған игі шараның басы-қасында болды.
Толығырақ...Көкпекті ауданының әкімдік ғимаратының «Ашық әкімдік алаңында» 29 қаңтар күні тікелей эфир арқылы есеп беру кездесулерін Көкпекті, Теректі және Тассай ауылдық округтерінің әкімдері қорытындылады. Есеп беру кездесулері Zoom платформасында онлайн форматта өтті. Сондай-ақ тікелей эфирді тұрғындар Facebook, Instagram парақшаларынан тамашалай алды. Ауылдық округ әкімдері өз баяндамаларында өткен жылда жасалған жұмыс қорытындыларымен таныстырды. Ауыл әкімдері округтің ауыл шаруашылығы, білім беру, медицина қаржы-шаруашылық және әлеуметтік жағдайы туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Елді мекен дамуының стратегиялық міндеттері мен бағыттарын айқындады.
АУЫЛ ӘКІМІ ӨЗЕНДІ ЛАСТАҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА НАРАЗЫ
Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қ.Жүніспековтың есеп беру баяндамасында онлайн режиміндегі тыңдаушылар өздерін толғандырған мәселелерін желі арқылы пікір қалдырып, сұрақтарына жауап алды.
Сұрақтардың дені су тарту, көп қабатты үйлерге орталықтандырылған жылыту жүйесін орнату, экология, көшені жарықтандыру, жол, Толағай ауылындағы интернет желісінің нашарлығы, Қабанбай батыр көшесі бойындағы тас жолдың жөнделу сапасы сияқты мәселелер төңірегінде өрбіді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.