Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

5 желтоқсан күні Өскемен қаласында өткен қалалық жәрмеңкеге Көкпекті ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қатысты. Қолжетімді бағада ұсынылған жәрмеңкеде қала тұрғындары ет және балық өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жәрмеңкеге барлығы 2 тонна балық және 9 тоннаға жуық ет сатылымға қойылған. Оның ішінде сиыр, қой, жылқы және шошқа еті бар. Өнімнің бағасы нарықтық бағадан едәуір төмен болды. Мәселен, сиыр еті – 2 100 теңге, жылқы еті – 2 300 теңге, қой еті - 1 900 теңге.


Жәрмеңкеге ауданның барлық 17 ауылдық округі өнімдердің көптеген түрін алып барды.
Сауда шарасына келушілер ет пен балықтан басқа көкөністер, сүт өнімдерін, тұздалған азық қорын, сонымен қатар сары май, ірімшік тағамдарын сатып алды.
«Алтай балы» ЖК басшысы Рустам Мухамадиев өзінің бал өнімдерін жәрмеңкеде ұсынды.
Жәрмеңке қала тұрғындарының қыс қамын жасап алу үшін үлкен мүмкіндік болды. Көпшілік жәрмеңкеге дән риза.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз