Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық - ағартушылық штабы мүшелерінің халықпен кездесулері өз жалғасын табуда. Атап айтқанда, ақпараттық - ағартушылық штабының жетекшісі Есімбекова Арайлым Керімбекқызы 20 қаңтар күні арнайы іс-сапармен Көкпекті ауданына келді. Арайлым Керімбекқызы өртке қарсы қызмет бөлімшесінің ұжымымен және аудан активімен кездесулер өткізді.
Штаб жетекшісі алдымен өртке қарсы қызмет бөлімшесінің ұжымымен жиын өткізді. Жеке құрам қатысқан кездесу барысында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы саясаты, ашықтыққа, жариялыққа негізделген жаңа формациядағы мемлекеттік органдар жүйесін құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, қоғамдық сананы өзгерту бойынша ақпараттық-түсіндірме жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.


Аудандық әкімшіліктің мәжіліс залындағы жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және аудандық ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері қатысты. Бірінші кезекте «Zoom» бағдарламалық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент қызметкері Сахариева Мейіргүл Құзарқанқызы тақырыптық баяндама жасады.
Өз кезегінде Арайлым Керімбекқызы елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқанын тілге тиек етті.
- Өткен жылдың 1 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырды. Бұл тәсіл халықаралық озық тәжірибеге толық сәйкес келетінін атап өткен жөн. Лауазымды адамдарды параға сатып алумен әдейі айналысатын, не заңсыз сыйақы беру кезінде делдал болған адамдар, елеулі қылмыстық жауаптылықта болуға тиіс. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды. Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізілді. Азаматтар сыбайлас жемқорлықпен күрестің ауырлығын түсінуі керек. Күшейтілген санкциялар қосымша тежеуші фактор болады деп үміттенеміз, - дейді штаб жетекшісі.
Сонымен бірге Арайлым Керімбекқызы пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатын болады деп ерекше атап өтті.
- Парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін бірнеше рет, не қылмыстық топпен немесе өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған адамдарға да осындай, қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу түріндегі қатаң шаралар қолданылатын болады. Бас бостандығынан айыру мерзімдерінің ұлғаюынан басқа, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін, айыппұл мөлшері де бірнеше есеге өсті. Бүгінгі алаңды пайдалана отырып, тағы да азаматтарды заңсыз сыйақы төлеу арқылы мәселелерді шешуден бас тартуға шақырамын, - деген үндеу тастады.
Кәсіпкерлікті дамыту мен қорғау бағытындағы жұмыстар да баяндалды. Штаб жетекшісінің мәліметі бойынша 2018 жылдан бастап Агенттік Сыртқы істер министрлігімен, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша арнайы жобаны іске асырып келеді.
Штабы мүшелерінің халықпен кездесулері облыстың басқа аудандарында жалғасын табады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз