Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ірі қара малдың ғана емес, ұсақ мал бруцеллезі көптеген жылдар бойы Қазақстан Республикасының аумағында кең таралған аурулардың бірі болып келеді. Біз "Көкпекті мал дәрігері" КМҚК- ның басшысы Кенжебек Теринмен вакцинация арқылы аурудың алдын алу туралы сұхбаттастық.

- Кенжебек Құмашұлы, біздің ауданда бруцеллездің таралуына не себеп болып отыр? Онымен қалай күресуге болады?

- Негізгі себептер ветеринарлық заңнама мен зооветеринарлық нормативтердің талаптарын сақтамау болып табылады. Сонымен қатар, жайылымдық жерлердің және әрбір табын үшін жекелеген суаттардың жетіспеушілігінде. Жылдан жылға бруцеллезбен ауру ұлғаюын көрсететін статистиканы талдай отырып, мен тек малды вакцинациялау аурумен күресуге көмектеседі деген қорытындыға келдім.
2018-2019 жылдары аурудың негізгі жағдайлары вакцинация-ны елемейтін немесе вакцинаны бір рет қолдану бруцеллезден ұзақ мерзімді қорғау үшін жеткілікті деп санайтын ірі шаруа қожалықтарына тиесілі болды.

Толығырақ...

Аудан әкімі Серікқазы Садуақасов іргелі шаруа қожалық басшыларымен кездесті. Бейресми форматтағы кездесу кәсіпкерлермен ашық пікір алмасқан келелі кеңеске ұласты. Әкімдіктің мәжіліс залындағы кездесу барысында ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, ұтымды ұсыныстар айтылды.

Көкпекті ауданы ауыл шаруашылығына бағытталған. Мал және өсімдік шаруашылығымен айналысуға табиғи жағдайлар қолайлы болғандықтан, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында мүмкіндіктер мол. Аграрлық салада еңбек етуге ынталы жандар да көп.

Толығырақ...

Аудан әкімі Серікқазы Садуақасов Аққала және Тассай ауылдық округтерінің тұрғындарына 30 қыркүйек күні өткен сайлауда жеңіске жеткен әкімдерді таныстырды. Жұмыс сапарының барысында аудан басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, бірқатар маңызды мәселелер бойынша кеңес құрды.
Сайлауда жоғарыда аталған округ әкімінің әрқайсысының орнына 2 адамнан кандидатуралар ұсынылған. Қорытындысында, аудандық мәслихат депутаттарының басым көпшілігінің дауысымен, Аққала ауылдық округінің әкімі болып Мұқашев Берікбол Шәкірбекұлы және Тассай ауылдық округінің әкімі болып Мазыбаев Ержан Құдайбердіұлы сайланды.

Толығырақ...

Аудан әкімі Серікқазы Садуақасовтың шалғай ауылдарды аралап, елді мекендер тынысымен танысу бойынша іссапары жалғасуда. 25 қыркүйек  күні аудан басшысы Бастаушы және Көкжыра ауылдарына жұмыс  сапарымен барды.

Көкжырада ауылдың тұрмыс-тіршілігімен танысып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Бірінші кезекте ауылдағы Амангелді атындағы орта мектебіне ат басын бұрды. Мектеп директоры Гауһар Төлеуғалиқызы қарсы алып, білім ошағының тынысымен таныстырды. Аудан басшысы мектептің жылу жүйесіне, абаттандыру жұмыстарына баса назар аударды. Мектеп айналасының тазалығына, сырлау жұмыстары жасалған білім ошағының директоры Гауһар Төлеуғалиқызының жұмысын жоғары бағалап, жаңа оқу жылына табыс тіледі. Сонымен қатар мектеп медбикесіне карантин кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтап, оқушылардың денсаулығына бейжай қарамауды ескертті.

Толығырақ...

«Жылыту маусымына дайындық» аудан әкімі Серікқазы Садуақасовтың жіті назарында. «Қыстың қамын жаз ойла» деген қағида Көкпекті ауданының ұранына айналғандай. Көкпекті ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің ақпараты бойынша 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында ауданда ұйымдастырушылық және дайындық жұмыстарының қажетті кешендік жос-пары жасалған.
Ауданның 2020-2021 жылдардағы жылу маусымына сапалы дайындалу мақсатында тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-шаруашылық нысандары бойынша жөндеу және дайындық жұмыстарының кестесін жасау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қажетті отынның нормативтік қорының мөлшері нақтыланған.
Білім беру объектілері бойынша алдағы жылу беру маусымына 43 нысанды дайындау қажет, соның ішінде 18 мектеп пен 2 балабақша қатты отынмен, 2 дизель отынымен, 18 мектеп пен 1 балабақша, 2 қосымша білім беру ұйымы электр қуатымен жылытылады.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз