Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Серікқазы Садуақасов Аққала және Тассай ауылдық округтерінің тұрғындарына 30 қыркүйек күні өткен сайлауда жеңіске жеткен әкімдерді таныстырды. Жұмыс сапарының барысында аудан басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, бірқатар маңызды мәселелер бойынша кеңес құрды.
Сайлауда жоғарыда аталған округ әкімінің әрқайсысының орнына 2 адамнан кандидатуралар ұсынылған. Қорытындысында, аудандық мәслихат депутаттарының басым көпшілігінің дауысымен, Аққала ауылдық округінің әкімі болып Мұқашев Берікбол Шәкірбекұлы және Тассай ауылдық округінің әкімі болып Мазыбаев Ержан Құдайбердіұлы сайланды.


Аққала ауылдық округіне жұмыс сапары барысында аудан басшысы «Сәтпаев тау-кен байыту комбинаты» кәсіпорнына ат басын бұрды. Аудан халқын жұмыспен, ауданды өнеркәсіп өнімімен қамтып отырған серіктестік ильменит концентратын өндірумен айналысады. Кәсіпорынның бас директоры Қайрат Сұраужанов аудан басшысына жаңадан салынған 2-ші комбинат жұмысын көрсетті.
Мәдениет үйінде өткен жиынға ауыл тұрғындары, округте кәсібін жүргізіп отырған шаруа қожалық басшылары қатысты. Ауылдық округ әкімін таныстыра келе Серікқазы Құсайынұлы жаңа әкімнің бойындағы кәсіби шеберлікті, кез келген мәселені шеше алатын қабілетін, белгіленген міндетті жоспарлы түрде жүзеге асыра алатын қасиетін атап өтті. Халық қалаулыларының сайлауын қолдаған округ тұрғындары Берікбол Шәкірбекұлына табыс тіледі және оның халыққа жақын болуына үлкен үміт артты.
Қойтас ауылына апаратын жолға асфальт салу жұмыстарына келесі жылы Сәтпаев тау-кен кәсіпорыны 1,5 миллиард теңге қаражат бөлмек. Бұл жиынға жобаға жетекшілік ететін мамандар да қатысты. Кәсіпорын директоры Қайрат Сұраужанов ауыл тұрғындары алдында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, асфальт жол салу жоспары туралы тұрғындар пікірі міндетті түрде ескерілетінін баса айтты. Өз кезегінде шаруа қожалық басшылары қуанышты жаңалыққа ризашылық танытып, бірауыздан қолдау білдірді.
Сондай-ақ, аудан әкімімен кездесу барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй салу, мешіт құрылысын бастау, мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мәселелер көтерілді. Серікқазы Құсайынұлы ауылда жұмысшыларға арнап тұрғын үй салу бастамасы қашан да қолдау табатынын және де бұл жұмыстар әрбір ауылда атқарылатынын айтты. Ал әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттар әзірлеу ауыл әкіміне жүктелді.
Қазанның бірінде аталып өтетін Қарттар күні мерекесін Тассай ауылының тұрғындары қуанышты жағдайда қарсы алды. Аудан басшысы мәслихат депутаттары сайлаған округ әкімін тұрғындарға таныстырды. Тассай халқына арнайы таныстыруды қажет етпейтін Ержан Мазыбаевтың өзінің қызметіне қайта оралуы көпшілікті қуантып тастағанын жайдары жүздерінен-ақ байқау қиынға соқпады.
Бірінші кезекте Серікқазы Құсайынұлы аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.
- Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды. Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз - өнеге, еңбек жолдарыңыз - үлгі. Адам ұрпағымен мәңгі жасайды. Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің өркені. Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, сәттілік пен ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік тілеймін, - деді аудан басшысы.
Жаңа әкімді халыққа арнайы таныстырған Серікқазы Құсайынұлы алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламаларды сапалы түрде жүзеге асыруға және округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың жағдайын жасауды басты назарда ұстау қажеттілігін айтты.
Жиында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Сләмбек Мұқашев, еңбек ардагерi Қуан Түсіпбеков те ауыл әкiмi Ержан Құдайбердіұлын құттықтап, қызметiне зор жетiстiктер тiледi.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз