Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Күз мезгілі - шаруалардың күнделікті нанының қайнар көзі болып отырған қажырлы еңбегін есепке алатын уақыт. Қазіргі кезде егін шаруашылығымен айналысу оңай болмағанымен, егін егіп, одан өнім жинауды игерген шаруа мамандары бар.

Жаз бойы фермерлер таңнан кешке дейін тоқтаусыз еңбек етті. Тынымсыз жасалған жұмыстың күз мезгілінің берекелі болуы - үлкен қуаныш. Фермерлер егін дақылдарын жинау науқанын жалғастыруда. Шаруашылық мамандары әр астықты ысырапсыз жинау үшін күндізгі сағаттың әр минутын тиімді пайдалануға тырысуда.
Ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Көкпекті ауданында дәнді дақылдарының жинау алқабы - 93 мың га, майлы дақылдар - 58,9 мың га, картоп - 0,322 га, көкөністер - 0,120 мың га және бақша дақылдары - 0,023 мың га құрады.


Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегіне 64,5 мың га (93,65%) жаздық бидай, 21,067 мың га (100%) арпа, 1,4 мың га (100%) сұлы, 1,3 мың га (100%) тары, 0,20 мың га (100%) күздік қара бидай, 0,220 мың га (100%) қара бидай, 0,103 мың га (59,9%) соя, 0,23 мың га (71,4%) картоп, 0,11 мың га (90%) көкөніс және 0,02 мың га (100%) бақша жиналды.
Дәнді дақылдардың түсіміне келетін болсақ: жаздық бидай - 12,8 ц / га, арпа - 13 ц / га, сұлы - 9 ц / га, тары - 6,2 ц / га, күздік қара бидай - 13 ц / га, қара бидай - 12 ц / га.
Аудан шаруашылықтары егін жинаумен қатар, егуге арналған дәнді-дақылдар: 9,3 мың тонна жаздық бидай және 3,2 мың тонна арпа тұқымдарын толықтырды.
Қазіргі уақытта астық жинау жұмыстарымен белсенді айналысатын шаруашылықтың бірі - «Елім-ай-Көкпекті» ЖШС.
- Биыл 4200 гектар алқапқа бидай септік. Қазіргі уақытта қалған1200 гектар егістікті жинау жоспарда тұр. Арпа орағы аяқталды, оның орташа өнімділігі гектарына 12 центнерді құрады. Менің ойымша, бұл - қанағаттанарлық көрсеткіш. Егер ауа райы бізге қолайлы болса, онда бидайды оруды айдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді Марат Мигражұлы Бекбердинов.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз