Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2 қыркүйек күні аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасовтың іссапары Көкжайық, Үлгілімалшы және Тассай ауылдық округтерінде өз жалғасын тапты.
Іссапар барысындағы өз жұмысын Ақой ауылымен танысудан бастаған аудан əкімі мектепке ат басын бұрды. Мектеп директоры Ринат Қажиақперов бүгінгі күні атқарып жатқан жұмыстары туралы кеңінен баяндады. Білім ордасының аумағын абаттандыру жұмыстарын жандандыру міндеттелді.
Бұдан соң Көкжайық ауылына келген аудан әкімі Жеңіс саябағында жергілікті қауыммен жиын өткізіп, төбесінен су ағып, жөндеуді қажет етіп тұрған спорт залын көзімен көрді. Жеңіс саябағында орын алған пікіралмасу барысында келесі жылға жоба жасалып, қажетті қаражат бөлінетіні айтылды. Аудан басшысы округ әкімі Қайрат Ахметқалиевқа Жеңіс саябағын тұрғындар демалатын орынға айналдыру үшін жан-жақты ойластырылған жақсы жоба дайындауды тапсырды.


Толағай төсінен Олимпиада ойындарына аудан тарихындағы алғашқы жолдаманы ұтып алған даңқты палуан Данияр Қайсановтың туған ауылындағы спорт залының бүгінгі жағдайы мәз емес. Шатыры тесіліп, жаңбыр суы мен қар кірген ғимараттың едені шіріп кеткен. Жастары спортты жанына серік еткен ауылдың спорт залы жөнделетін болды. Аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы ғимараттың төбесін жауып, су кірмейтіндей жағдай жасау үшін шұғыл шешім қабылдап, ағымдағы жылғы бюджеттен қаражат бөлуге уәде берді. Алдағы жылы ішкі жөндеу жұмыстары жасалады.
Сонымен бірге, Көкжайық орта мектебінде болып, ондағы оқу үрдісін ұйымдастыруды бақылады. Білім сапасы төмендеп кеткен мектептің директоры сынға ұшырады. Оқушылар мен ата-аналардың санитарлық талаптарды орындап, сақтық шараларын күшейтуі - бүгінгі күннің басты талабы.
Үлгілімалшы ауылымен танысу барысында Серікқазы Құсайынұлы болашақта шалғайдағы ауылдың гүлденуіне көп көңіл бөліну керектігін баса айтты. Тұрғындармен кездесу барысында ауылдық округ әкімшілігі орналасқан ғимаратты жөндеуден өткізіп, кешенді орталық жасау мәселесі тілге тиек етілді. Заманауи талаптарға сай бір ғимаратта округ әкімшілігі, полиция бөлімшесі, қазпошта, кітапхана, фельдшерлік пункт орналасса - халыққа қызмет көрсету сапасы да артары сөзсіз.
Абай атындағы мектеп балабақша кешенінің жұмысы жақсы бағаланды. Аудан басшысы мектептің жас директоры Ермек Сыдықұлына індеттің алдын алу шараларын күшейтіп, ата-аналармен сақтық шаралары бойынша тығыз жұмыс жасауды жүктеді. ҰБТ көрсеткіші жақсы, білім сапасы жоғары мектеп Ұлы Абайдың есіміне лайық болуы шарт.
Ширек ғасыр есігінен қара құлып алынбай, іске жарымай тұрған клуб үйі жуық арада күрделі жөндеу жұмыстарынан соң пайдалануға берілмек. Жөндеу жұмыстарын көзімен көрген аудан басшысы мердігер ұйымның еңбегін жоғары бағалады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, көрермендер залына орындықтар алу туралы тапсырма берілді.
Түтіні түзу, тірлігі мығым Тассай ауылындағы кездесу ауылдық клубта өрбіді. “Мен қанша биікке көтерілсем де, халықтан төмен екенімді ұмытқаным жоқ” деген Дінмұхамет Қонаевтың қанатты сөзімен бастап, өзін таныстырған ауданның жаңа басшысын тассайлықтар ыстық ықыласпен қарсы алды. Алғы сөзін жігерлі бастаған Серікқазы Құсайынұлы алға қойған мақсаттар мен бағыт- бағдарды айшықтады. – Әр азамат елі мен жеріне қызмет етуге міндетті. Халықтың ортасында жүріп, ыстығы мен суығына бірдей шыдап, жұмыс істеу керек. Бүгінгі жетістігіміздің бәрі егемендіктің арқасы, - деген аудан басшысы тассайлықтарды, өскелең ұрпақты елжандылыққа және еңбекке тәрбиелеуге шақырды.
Ауызы дуалы ақсақал Қуан Түсіпбеков жаңадан тағайындалған аудан басшысына аталық батасын берді. Сондай-ақ кездесуде ауыл тұрғындары бірқатар түйткілді мәселелерді ортаға салды. Шағын футбол алаңының тозығы жеткен жасыл жабындысын ауыстыру, дәрігер маманды ауылда тұрақтандыру сұрақтары қаралды. Тассайлықтар үшін биылғы жылдың басты жаңалығы болған жол жөндеу жұмыстарының сапасына алаңдаушылық айтылды. Алайда кездесуден соң, Тассай ауылына апаратын жолда күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан мердігер ұйым «Көкпекті жолдары» ЖШС басшысымен бірге асфальт салу барысын көзімен көрген аудан басшысы алаңдауға негіз жоқтығын көрді.
Аудан әкімінің іссапарында аудандық мәслихаттың хатшысы Талғат Сарманов, аудандық мәслихат депутаттары, бірқатар мекеме, бөлім басшылары бірге жүрді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз