Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру мәселесі басты назарда тұр. Әртараптандырудың бір бағыты – халықты қысы-жазы балғын көкөністермен қамтамасыз ету үшін жылыжай өндірісін дамыту. Жерге көк шыққанда, егіс науқанының басталатыны белгілі. Алайда, науқанды күтпей-ақ, жылына бірнеше мәрте өнім алатын жылыжайлар да бар. 

Соның бірі – Көкпекті ауылында Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің жанында орналасқан жылыжай кешені. 2018 жылдан бері көкөніс өсірумен айналысатын жылыжайдың аумағы ?? сотық жерді құрайды. Жылыжайдың мақсаты – мектеп оқушыларының биология пәнін тәжірибемен ұштастыру, еңбекке баулу және келешекте жылыжай ісінің мамандарын дайындау болып табылады. Егіс алқабындағы егінге қарағанда жылыжай ішінде өсетін дақылдар көп күтімді қажет ететіні анық. Тиісінше, өнімі де мол. Уақытында дәрілеп, іштегі температураны тұрақты ұстаса болғаны.
Мектеп директоры Қажет Жүнісбековтың айтуынша, тамыры тамшыдан нәр алатын өсімдіктің бір түбі 5-10 келіге дейін өнім беруге қауқарлы екен.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 14 мамырында Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 9 Шығыс Қазақстан облысының аумағында қабылданып жатқан шаралар туралы және Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды ұзарту туралы" 11.05.2020 жылғы № 7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысы шықты. Көкпекті ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Г.К.Абдрасулова азаматтарға рұқсат етілетін әрекеттер мен қалдырылған шектеулер туралы түсіндірді.
- Гүлмира Қабышқызы, жаңа қаулыда не айтылған?
- Ол санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, келесі кәсіпкерлік объектілерінің жұмысына қатысты Семей қаласын қоспағанда, облыстың аудандары мен қалаларының аумағында ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап карантинді жеңілдетуге кезең-кезеңімен көшуге рұқсат береді: 1) ауданы 500 шаршы метрден 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес тауарларды көтерме, көтерме-бөлшек және (немесе) бөлшек сауда объектілері; 2) Әлеуметтік қашықтықты кемінде 2 метр сақтай отырып, тек ашық алаңдарда қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кафелер, банкет).
Жұмыс режиміне көшудің келесі сатысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайға және Шығыс Қазақстан облысы аумағында өсу қарқынына байланысты Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қосымша қаулысымен регламенттелетін болады.
- Аудан және қала әкімдеріне қандай тапсырмалар берілді?

Толығырақ...

Еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Көкпекті ауданының кәсіпкерлері мен әкімшілік қызметкері белсенділік танытып, тыл ардагерлеріне түрлі көмектер көрсетуді жалғастыруда.

Көкпекті ауданы ардагерлер кеңесі, Кәсіпкерлік және туризм бөлімі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Көкпекті ауданында тұратын соғыс және тыл ардагерлеріне ұн таратылып берілді. Аталмыш игі істің өтуіне мұрындық болған Көкпекті ауданы әкімінің аппараты және кәсіпкерлеріміз. Атап айтсақ «Теректі» ШҚ басшысы Қанат Бидахметов, «Рустам» ШҚ басшысы Қайрат Дүйсенбаев, «Виничук» ЖШС басшысы Виктор Виничук, «ҚалМұхЖом - Ахмед» ШҚ басшысы Мұхамед Хабидолданов, «Қабылқапар» ШҚ басшысы Күлән Дакежанова.

Толығырақ...

Көршілес жатқан екі ауданның халқы аралас-құралас экономикалық, мәдени, кәсіпкерлік салалары бойынша ежелден тығыз байланыста. Көкпекті мен Тарбағатай аудандары арасындағы осы достық бүгінгі күні өз жалғасын тауып, қайырымдылық шарада айқын көрініс тапты.

Тарбағатайлық кәсіпкер Қайрат Қожахметов елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Көкпекті ауданының тұрғындарына көмек ретінде 2.5 тонна ұн жіберді. «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін» деген Әйтеке бидің нақыл сөзін ту еткен жомарт азаматтың көмегі арнайы құрылған комиссия шешімімен мұқтаж жандарға әділ таратылатын болады. «Бота» ЖШС басшысы жолдаған көмек қоры 29 сәуір күні ауданға жеткізіліп, қоймаға түсірілді. Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов кәсіпкердің өкіліне «Алғыс хат» табыстап, аудан әкімі атынан шынайы ризашылық білдірді.

Толығырақ...

Самар ауылында шектеу шаралары енгізгелі бес күн өтті. Осы уақыт ішінде Самар ауылдық округі әкімінің аппараты тұрақты жағдайды сақтау үшін барлық ресурстарды жұмылдырып, халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, карантиндік режим кезінде тәртіп ережелерін сақтауға шақырды.

Ағымдағы жылдың 24-28 сәуірі аралығында Самар ауылына облыс орталығынан 16 адам келді. Олардың барлығы бекеттерде мұқият тексерілді. Самар ауылдық округі әкімі аппаратымен 17 шаруа қожалығына арнайы рұқсатнама берілді. Қазір көктемгі егіс жұмыстары қызу жүріп жатыр, сондықтан олар үшін егіс науқанында жұмысты бастау үшін ешқандай кедергі жоқ.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз