Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру мәселесі басты назарда тұр. Әртараптандырудың бір бағыты – халықты қысы-жазы балғын көкөністермен қамтамасыз ету үшін жылыжай өндірісін дамыту. Жерге көк шыққанда, егіс науқанының басталатыны белгілі. Алайда, науқанды күтпей-ақ, жылына бірнеше мәрте өнім алатын жылыжайлар да бар. 

Соның бірі – Көкпекті ауылында Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің жанында орналасқан жылыжай кешені. 2018 жылдан бері көкөніс өсірумен айналысатын жылыжайдың аумағы ?? сотық жерді құрайды. Жылыжайдың мақсаты – мектеп оқушыларының биология пәнін тәжірибемен ұштастыру, еңбекке баулу және келешекте жылыжай ісінің мамандарын дайындау болып табылады. Егіс алқабындағы егінге қарағанда жылыжай ішінде өсетін дақылдар көп күтімді қажет ететіні анық. Тиісінше, өнімі де мол. Уақытында дәрілеп, іштегі температураны тұрақты ұстаса болғаны.
Мектеп директоры Қажет Жүнісбековтың айтуынша, тамыры тамшыдан нәр алатын өсімдіктің бір түбі 5-10 келіге дейін өнім беруге қауқарлы екен.


2019-2020 оқу жылында Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің директоры Қажет Жүнісбекұлының ұйымдастыруымен мектеп жанында жылыжай іске қосылды. Ерте көктемде жылыжайда оқу-тәжірибе үлескісі үшін және сату үшін көшеттер өсіріледі. Жаздың алғашқы айларында-ақ жергілікті халық гүлдер мен көкөністердің өсірілген көшеттерімен қамтамасыз етіледі.
Жылыжайда өсірілген гүлдер арқылы мектеп жанындағы оқу-тәжірибе шарасына да, мектеп ауласын көгалдандыруға да мүмкіндік туады.
Жылыжайда биология, жаратылыстану пәндері бойынша практикалық жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар жылыжайда көкөністер өсіруді, оларды күтіп-баптауды үйренеді, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтеді.
- 2019-2020 оқу жылында жылыжай бойынша менеджер-кеңесшісі Садуова Мөлдір Қадырқожақызы және ғылыми жоба бойынша жетекшісі Қасымова Самал Әбешқызының оқушылармен бірлесе жасалынған жұмыс нәти-жесінде аудандық ғылыми жобалар сайысында 9 a сынып оқушыcы Нұрасыл Нұрқасымов «Мектеп жанындағы шағын жылыжай» тақырыбында II орын иеленді.
«IQanat білім қоры» ҚК мен «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бірлескен «Business IQanat» республикалық бизнес жобасына 9 a сынып оқушылары Ерасыл Дәлелхан, Луана Кажимуратова, Арайлым Кеңесова “Гүлдер-ай” гүл көшеттерін өсіру тақырыбында топтық сайысқа қатысып, жобаның екінші кезеңінен өтті, - деді Қажет Жүнісбекұлы.
Жылыжайда энерготиімді технологиялар қолданылады. Атап айтатын болсақ, олар күнмен су жылытқыштар, Өсімдіктерге арналған жарықдиодты энергия үнемдеуіш шамдар және Тамшылата суару.
Жалпы, жылыжай 2 бөліктен тұрады. Бірінші бөлігінің өнімдері сатылымға шығуда. Ал кейіннен қосылған екінші бөліктің аумағы едәуір үлкен және ондағы көшеттер енді ғана күш ала бастапты.
Оқушылар мұғалімдерімен бірге жылыжайға қияр, тәтті бұрыш, қызанақ, қызылша, аскөк және гүлдердің түр-түрін еккен. Қазіргі уақытта да жылыжайда еңбек қызған шақ.
Бүгінде жылыжай кешенінде көкөністердің өніп-өсуі мен оны баптауға, өнімді жинауға жауапты Ғабида Ордаханова қарқынды жұмыс жасауда.
Тетігін тапсаң, бұл жан-жақтылы тиімді жұмыс болатынын түсінетін мектеп ұжымы алдағы уақытта жылыжай өнімін арттыруды көздеп отыр.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз