Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Көкпекті ауданының кәсіпкерлері мен әкімшілік қызметкері белсенділік танытып, тыл ардагерлеріне түрлі көмектер көрсетуді жалғастыруда.

Көкпекті ауданы ардагерлер кеңесі, Кәсіпкерлік және туризм бөлімі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Көкпекті ауданында тұратын соғыс және тыл ардагерлеріне ұн таратылып берілді. Аталмыш игі істің өтуіне мұрындық болған Көкпекті ауданы әкімінің аппараты және кәсіпкерлеріміз. Атап айтсақ «Теректі» ШҚ басшысы Қанат Бидахметов, «Рустам» ШҚ басшысы Қайрат Дүйсенбаев, «Виничук» ЖШС басшысы Виктор Виничук, «ҚалМұхЖом - Ахмед» ШҚ басшысы Мұхамед Хабидолданов, «Қабылқапар» ШҚ басшысы Күлән Дакежанова.


Айта кетейік, аудандық ардагерлер кеңесі тарапынан арнайы комиссия құрылып ұндарды ауылдық округтерде тұратын соғыс және тыл ардагерлеріне таратты.
Карантин мезгілінде қиындыққа тап болған жерлестеріне осылайша қолдау білдіруді жөн санаған азаматтарға ауыл тұрғындарының алғыстары шексіз.
Гүлбаран Буканова, тыл ардагері, Теректі ауылы:
- Осындай қиын-қыстау кезеңде көмек беріп жатқан азаматараға аналық алғысымды білдіремін. Ең бастысы - еліміз аман-есен осы қиындықты еңсерсе екен деген ниетім бар.
Қайса Болшынов, тыл ардагері, Көкпекті ауылы:
- Ауданымызда осындай атымтай жомарт кәсіпкерлеріміз бен қайырымды жандар барда еліміз ешқашан еңсесін түсірмейтіні белгілі. Елімізде төтенше жағдай туындаған қиын-қыстау кезеңде жерлестері үшін тегін ұн тарату көп жанның қолынан келе бермейтін үлкен іс. Осы балаларымның жасаған жақсылығы Алладан мың есе боп қайтсын!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз