Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың карантин және төтенше жағдай қолданылу кезеңінде коммуналдық қызметтер үшін төлемді төмендету туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 18.04.2020 ж. №212 Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдарға шығындарды өтеу қағидаларын бекітті.
Коммуналдық қызметтерді төлеу сәуір және мамыр айларында 15 мың теңгеден келесі санаттағы азаматтарға төленетін болады:
- 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектер;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
- ең төменгі және одан аз зейнетақы алушы зейнеткерлер;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, соның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес төлем келесі коммуналдық қызметтер бойынша жүргізіледі:
- сумен жабдықтау,
- кәріз,
- газбен жабдықтау,
- электрмен жабдықтау,
- жылумен жабдықтау,
- қоқыс шығару
- лифттерге қызмет көрсету.
Коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған қаражат азаматтарға берілмейді және коммуналдық кәсіпорындардың жеке шоттарына жіберіледі.
Коммуналдық қызмет көрсету ережесіне сәйкес есептеулер бойынша төлем мерзімі сәуір айы бойынша мамырда, мамыр айы бойынша – маусымда басталады.
Шығындарды өтеу үшін тұтынушы Көкпекті ауданының жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және ТКШ бөліміне жүгінуі қажет. Бөлім мамандарының байланыстары: Оспанова Мадина Максутқызы тел. 21606, ұялы 87776128785, Базарбаев Сержан Кунашевич тел. 21606,ұялы 87779585455.
Көкпекті ауданының жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және ТКШ бөліміне көрсетілген телефондар бойынша хабарласуларыңызды, сұраймыз.
Құрметпен
Көкпекті аудандық маслихат депутаты

Дархан Дюсембаев
 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз