Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Серікқазы Садуақасов іргелі шаруа қожалық басшыларымен кездесті. Бейресми форматтағы кездесу кәсіпкерлермен ашық пікір алмасқан келелі кеңеске ұласты. Әкімдіктің мәжіліс залындағы кездесу барысында ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, ұтымды ұсыныстар айтылды.

Көкпекті ауданы ауыл шаруашылығына бағытталған. Мал және өсімдік шаруашылығымен айналысуға табиғи жағдайлар қолайлы болғандықтан, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында мүмкіндіктер мол. Аграрлық салада еңбек етуге ынталы жандар да көп.


- Елді мекендерді аралап, елмен танысып жүрміз. Енді нақты жобаларға көшеміз. Ауыл шаруашылығын дамыту бағытында кешенді жоспар құрылады. Жер телімін тиімді пайдалану, бруцеллез ауруының таралуын тоқтату сынды саладағы басқа да көптеген өзекті мәселелер бойынша жүйелі жұмыс қажет, - деді Серікқазы Құсайынұлы.
Кездесу барысында Владимир Виничук, Есімбек Мәмбетов, Асқар Қажығалиев, Александр Воротников сынды ауданның іргелі шаруа қожалық басшылары бірқатар мәселелер бойынша ойын ашық білдірді. Жер телімін беру конкурстарының ашықтығы мен комиссия мүшелерінің сапалық құрамын жасақтау мәселесі айтылды. Ауыл шаруашылық бөліміндегі маман тапшылығы және осы салаға жетекшілік ететін тәжірибелі басшының жоқтығы да алаңдаушылық тудырады. Бас қосу барысында қойылған барлық сұрақтар бойынша аудан басшысы нақты жауаптар беріп, кейбір мәселелер бойынша жауапты мамандарға тапсырма жүктелетінін мәлімдеді.
Аудан басшысы Серікқазы Садуақасов кездесуді қорытындылай келе, кәсіпкерлер көтерген мәселелер міндетті түрде назарға алынып, тиісті шаралар қабылданатынын айтты. Сондай-ақ, аудан басшылығы кәсіпкерлермен осындай кездесулер тұрақты өткізілетінін де хабарлады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз