Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының әкімдік ғимаратының «Ашық әкімдік алаңында» 29 қаңтар күні тікелей эфир арқылы есеп беру кездесулерін Көкпекті, Теректі және Тассай ауылдық округтерінің әкімдері қорытындылады. Есеп беру кездесулері Zoom платформасында онлайн форматта өтті. Сондай-ақ тікелей эфирді тұрғындар Facebook, Instagram парақшаларынан тамашалай алды. Ауылдық округ әкімдері өз баяндамаларында өткен жылда жасалған жұмыс қорытындыларымен таныстырды. Ауыл әкімдері округтің ауыл шаруашылығы, білім беру, медицина қаржы-шаруашылық және әлеуметтік жағдайы туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Елді мекен дамуының стратегиялық міндеттері мен бағыттарын айқындады.

АУЫЛ ӘКІМІ ӨЗЕНДІ ЛАСТАҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА НАРАЗЫ
Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қ.Жүніспековтың есеп беру баяндамасында онлайн режиміндегі тыңдаушылар өздерін толғандырған мәселелерін желі арқылы пікір қалдырып, сұрақтарына жауап алды.
Сұрақтардың дені су тарту, көп қабатты үйлерге орталықтандырылған жылыту жүйесін орнату, экология, көшені жарықтандыру, жол, Толағай ауылындағы интернет желісінің нашарлығы, Қабанбай батыр көшесі бойындағы тас жолдың жөнделу сапасы сияқты мәселелер төңірегінде өрбіді.


Эфир барысында Қажет Жүніспекұлы барлық қойылған сауалдарға жауап берді. Әрбір үйге су кіргізу мәселесі бойынша баяндамада айтып өткендей, 2018 жылы басталған су жүйесін тарту жұмыстары былтырғы 2020 жылы аяқталған. Енді аталған мәселемен «Көкпекті» ШЖҚ КММ айналысатын болады.
Ауылдағы көп қабатты үйлерге орталықтандырылған жылыту жүйесін жүргізу мүмкіндігі қарастырыла ма деген сауалға алдағы бір-екі жылда орталық қазандық салынады деп уәде бере алмайтынын кесіп айтты. Бірақ Көкпектіде орталық жылыту жүйесін салу жұмысы жоспарда бар.
Тікелей эфирдегі кездесуге қатысушылардың барлығы округ әкіміне сұрақтар қойып, оларға жауап алды. Көп қабатты үйлердің тұрғындарынан су тапшылығы туралы мәселе алға тартылды. - Бұл өте орынды сұрақ. Биылғы жылы су құбырларының ескіріп, істен шығуына байланысты жаңа су беру жүйесі тартылады. Мәселе шешімін табады. Заречное аумағында тұратын тұрғындар өзенді ластайды. Қысқы уақытта малдарын суарады, өзенге қоқыс тастап, суды ластайды. Ол бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Әкімшілік қызметкері тұрғындарға ескерту жасады. Мәселе бақылауда, - деді округ әкімі.
Ал Әбішев көшесі, көпқабатты үйлер аумағында жарықтандыру қашан тартылады деген сауалға округ әкімі Әбішев, Ырғызбай, Раев көшелеріне былтырғы жылы тірек бағалары қойылғанын жеткізді. Ал қалған жұмыстар ауа райы жылынған соң аяқталмақ.
Округке қарасты Шәріптоғай ауылының тұрғындары да онлайн форматта өткен есеп беру жиынына қатысып, белсенділік танытты. Ауылды сумен қамту, ауылға баратын жолды жөндеу бойынша сауал көтерілді. Бүгінгі күні «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша су тарту жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі қаржыландыру жасалған соң, шешілетін болады.
Сондай-ақ ипподромды жөндеу мәселесі бойынша сұраққа округ әкімі жұмыс жоспарына кіргізіп, болашақта қарастырылатынын жеткізді. Ал Қабанбай батыр көшесіндегі тас жолға биылғы жылы жөндеу жұмысы жүргізіле ме деген сауалға, үстіміздегі жылы жол жөндеу құрылыс жұмыстары басталған болатын. Жол жөндеу жұмыстары қайта жалғастырылады. Округтегі қаңғыбас иттерді ату мәселесі де назардан тыс қалмады. Ол бойынша жұмыстар жалғасатынын жеткізіп, тікелей эфирді аяқтады.

ЖАС ӘКІМНІҢ ЖОСПАРЫ КӨП
Бұдан әрі тікелей байланысқа Теректі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Талғат Латфуллаұлы шықты. Жыл ішінде елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар жұмыстар тындырылған.
Алдағы атқарылуы тиіс жұмыстар қатарында ауылдағы Жеңіс саябағын жөндеу жұмысын жалғастыру, Бірлік, Мәметек көшелерін жарықтандыру, ауыл жастарына арналған шағын футбол алаңын салу, мал қорымы алаңын стандартқа сәйкестендіру жоспарлары аталды. Баяндама тыңдалған соң, тікелей эфирге қатысушылар әкім жұмысына сәттілік тілеп, пікірлерін білдірді.
Округ әкіміне ауылдағы телефон байланысы мен интернет желісінің жылдамдығын жақсарту, Шұғылбай ауылына баратын жолды жөндеу, Теректі, Тасты, Қызыл жұлдыз, Өрнек ауылдарын көріктендіру бойынша атқарылатын жұмыстар, жастардың спортпен айналысуы үшін спорт зал мәселесі, балаларға арналған ойын алаңын салу, ауылды абаттандыру және көріктендіру жұмыстарын жалғастыру, көшелерді жарықтандыру мәселелерін қозғады.
Тұрғындардың көпшілігі округке интернет желісін тарту бо-йынша мәселені қозғады. Байланыс желісінің сапасын жақсарту жөнінде "Қазақтелеком" АҚ-на қатынас хат жолданған. Таяу арада шешімі келіп жатса, тұрғындарға жеткізілетін болады. Ал Теректі, Қызыл жұлдыз ауылдары қазіргі таңда округте көше ретінде тіркеліп тұр. Жеке ауылдар емес. Алайда, ол шағын ауылдарға да көңіл бөлінеді. Сол сияқты Шұғылбай және Теректі ауылдарының арасындағы жол мәселесі бойынша өткен жылы Қызыл жұлдызға дейінгі жолға асфальт төселген. Қызыл жұлдыз ауылынан Шұғылбайға дейін де шұңқырларды жабу, грейдерлеу жұмыстары жүргізілгені айтылды.
Жастарға арналған футбол алаңын салу мәселесінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Алдағы уақытта бюджеттен қаражат бөлінсе, бұл жұмыс жасалады деп сендірді. Бірлік көшесіне жарық тарту бойынша қозғалған мәселеге сметалық құжаттамасы дайындалған, алдағы уақытта қаражат қарастырылса, орындалады.
Сонымен қатар балаларға арналған ойын алаңын салу мәселесі бойынша қазіргі уақытта ауылдық округте бір ойын алаңы бар. Ол мектептің қарамағында. Жыл сайын ағымдағы сырлау, әктеу сияқты жөндеу жұмыстары жасалады.

ТАССАЙДА ТЫНДЫРЫМДЫ ІСТЕР БАР
Ауданымыздағы берекелі де бай-қуатты ауылдық округтердің бірі Тассай ауылы әкімінің есебі жиынды қорытындылады.
Тассай ауылдық округінің әкімі Ержан Құдайбердіұлының есеп беру баяндамасын онлайн режимде шамамен 300-ге тарта қатысушы көрді. Тікелей эфир арқылы белсенділік танытып, пікір білдірген тассайлықтардың туған ауылының проблемалық мәселелеріне бей-жай қарамайтыны көрініп тұр. Баяндамашы Тассай ауылдық округінің жетістіктерімен бөлісе отырып, ағымдағы жылы орындалатын міндет мақсаттарға тоқталды.
Олар - стандартқа сай мал қорымын салу, 18 шақырым жолдың қалған 9 шақырымын жөнделді биылғы жылы аяқтау, Ақсу мен Үшкөмей ауылдарының арасындағы тас жолды тегістеу, М.Әуезов атындағы орта мектепте оқитын оқушыларды тиісті елді мекенге тасымалдайтын автобусты жөндеуге қаржы бөлу, білім ошағы ғимаратына жөндеу жұмысын жүргізу, Тассай ауылының Абай көшесін жарықтандыруды жалғастыру.
Тұрғындар тарапынан футбол алаңының жасанды жамылғысын ауыстыру, орталық аллея жұмысының толық аяқталу уақыты, көлден балық аулауға тексерушілердің жиі келуі, саябақты күтіп, қарау үшін бюджеттен қарастырылатын қаржы мәселесі, ауыл дүкендеріндегі тауарлар қымбатшылығы туралы сұрақтар қойылды.
«Тассай барысы», «Салбурын» спорттық шаралары тағы бір мәрте ұйымдастырылса деген тілек, өтініштерін де білдірді.
Ауылдық округ әкімі әрбір сұрақ қоюшыны мұқият тыңдап, әрқайсына түсінікті жауап берді. Атап өтсек, дүкендердегі бағаны тұрақтандыру бойынша 13 жеке кәсіпкермен меморандумға қол қойылған. Бірінші сұраныстағы азық-түліктің бағасы күнделікті бақылауда екені айтылды.
Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі балық аулап күнелтеді. Ал тыйым салынған, балық қорын көбейтуге арналған аумақта балық аулаған тұрғындарға рұқсат берілмейді. Ал тексеруші мекемелерге өз тарапымнан келтірмеуге жұмыс жасаймын деп айта алмаймын. Себебі тыйым салынған аймақтағы балық қорының сақталуын қадағалау тікелей сол мамандардың жұмысы болып келетін түсіндіріп өтті.
«Тассай барысы» елімізде орын алған карантиндік шаралары аяқталған соң міндетті түрде өткізілетін болады. Ауылдық округте электрик мамандығынан басқа қандай мамандар қажет деген сауалға әкімшілікке мемлекеттік қызметкер, шаруашылықтарға тракторшы, жұмысшылар қажет.
Ауыл жастарына арналған футбол алаңы 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жасалған болатын. Бұл мәселені аудан басшысы Серікқазы Құсайынұлы да біледі. Сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржы бөліміне тапсырылған. Қаржының бөлінуіне байланысты шешіледі.
Орталық аллея бойынша жөндеу жұмыс бюджеттен бөлінетін қаржы мәселесіне байланысты аяқталады.
Есеп беру кездесуінің соңында Ержан Құдайбердіұлы барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз