Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен жұма күні Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Ауыл әйелдері» тақырыбында форум өтті. Оған Абай облысы аудандарының әйелдері ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта қатысты. Осы форум аясында аудандық ішкі саясат бөлімі және «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әр саланың басында жүрген ауданымыздың әлеуметтік -экономикасының дамуына үлес қосып келе жатқан нәзік жандылар бас қосты. Аудандық кітапханада өткен дөңгелек үстел отырысына ауданымыздың мемлекеттік қызмет, медицина, білім беру, заң, кәсіпкерлік саласында жүрген еңбекқор әйелдер қатысты.


Қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Бүгінде Көкпекті ауданында қыз-келіншектер бүкіл салада табысты еңбек етіп жүр. Медицина, педагогика, саясат, бизнес, өнер, мәдениет, кәсіпкерлік салалары әйелдердің атсалысуымен гүлденіп, кемелденіп келеді. Мәселен, бүгінгі күні ауданда білім саласындағы ұстаздардың 87, денсаулық сақтау мекемелеріндегі әйел-дер үлесі 74 пайызды құрайды.
Дөңгелек үстел отырысында «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің басшысы Асыл Төлешова ауданымыздағы әйелдер қауымымен бірге атқарған жұмыстарға тоқталып, алдағы жос-парларымен бөлісті.
- Баршаңызды Көкпекті ауданымызда 2023 жылы алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауыл әйелдері форумында көргенімізге қуаныштымыз! Бүгінгі күн тәртібінде биылғы жылы аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлының қолдауымен ашылған «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына тоқталамыз.
Көкпекті ауданының «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің басшысы ретінде мен ең бірінші мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ерекше алғыс білдіргім келеді. Президентіміз әр жыл сайын жалпы қоғамдағы әйел қауымының мәртебесінің өсуіне кез келген салада нәзік жандылар өздерінің жан-жақтылығын көрсете білуге зор мүмкіндік беріп, еңбегін бағалап отырады.
Жалпы Көкпекті ауданында бүгінгі таңда 14506 адам тұрады. Оның ішінде 5363-і әйел азаматтар.
«Асыл ана» қоғамдық бірлестігі жұмысының басты мақсаты - ауданымыздағы әрбір әйел қауымымен тікелей жұмыс істеп, олардың қоғамдағы рөлін арттыру. Көп балалы және жалғыз басты аналардың баспаналы болып, тұрғын үй алуына жәрдемдесу. Медицина, білім, мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік болсын кез келген саладағы әйелдердің еңбегін бағалап, мәртебесін өсіру. Алдағы уақыттарда аудан әкімінің қолдауымен облыстық, халықаралық деңгейде әйелдердің құндылығын арттыру бойынша байқаулар өткізу жоспарымызда бар.
Біздің қоғамдық бірлестік биыл баспанасы өртеніп кеткен ананың атына арнайы есеп шот ашып 1 800 000 мың теңге қаражат жинап берді. Әр ай сайын көп балалы және жалғыз басты аналарымызға әлеуметтік көмек көрсетіп келеміз - деді өз баяндамасында.
Осы жиынға ШҚО «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева «Әйел және бизнес» тақырыбында нәзік жандыларға кәсіпкерлікті дамыту бағдарламарын таныстырып өтті.
Сонымен қатар шараға қатысқан медицина саласының мамандары әйел денсаулығының жағдайы жайлы айтып өтсе, заң өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған нәзік жандылар мәселесі туралы тақырыпта сөз сөйледі.
Асыл аналардың алқалы жиыны шағын фуршетпен жалғасты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз