Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Алты мыңға жуық халқы бар Көкпекті ауылы - ауданның айнасы десек артық айтқандық емес. Жыл сайын ажарына ажар қосып, көркейіп, гүлдене түскені көңілге қуаныш ұялатады. 

Тірек ауылдар қатарына кіретін Көкпекті ауылы мемлекет тарапынан қолдау тауып, көркіне көрік қосып келеді. Мәселен, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар біршама. Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының аясында Көкпекті ауылының көшелеріне жалпы ұзындығы 5,160 км болатын сметалық құны 158 000,0 мың теңгені құрайтын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Тапсырыс беруші – «Көкпекті ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ. Мердігер ұйым – «Көкпекті жолдары» ЖШС.


Ауыл әкімі Қайрат Алғазыұлы осы орайда мемлекеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалып, орынды істер атқарылып жатқанын айтып берді:
- Биыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында бас-ты назарды Абай көшесіне аудардық. Бұл көшелердегі су құбырын тарту құрылысы былтырғы жылы аяқталған болатын.
Көкпекті ауылының орталығында орналасқан бағдаршамды және жол белгілерін ауыстыру жұмыстары толығымен аяқталды. Барлығы 4 үлкен, 4 жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдар орнатылды.
«КазГерСтрой» ЖШС-ің демеушілі-гімен Көкпекті ауылына қарасты Ажа ауылының 2,5 шақырым кіреберіс жолын және 3,5 шақырым ауыл іші жолдарына тегістеу жұмыстары жасалды, - деді ауыл әкімі.
Сондай-ақ, Қайрат Алғазыұлы жол құрылысы кезінде туындаған жайсыз-дықтар үшін аудан тұрғындарын түсініс-тікпен қарауға шақырып, жолдың жақын күндері толық пайдалануға берілетіндігін жеткізді.
Күн санап көркейіп келе жатқан Көкпекті ауылында атқарылып жатқан жұмыстар көз қуантарлық. Демек, Көк-пекті ауылының кемелдене түсетін күні алда.
Жаннұр Сахариева, Абай көшесінің тұрғыны:
- Ауылымыз қаламен теңдесіп келе жатыр. Былтыр су құбырлары тартылды. Президентімізге, аудан, ауыл басшыларына көп рахмет! Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау арқасында ауылымыз көркейіп келеді. Жаңбыр жауса лай-батпақ, қар ерісе шалшық су болатын кездер – өткен күннен естелік болып қалары сөзсіз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз