Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

29 сәуір күні аудан орталығында жиырма 2 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталды. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған баспана іргетасын қалауға аудан әкімі Асхат Смаилов, маслихат хатшысы Талғат Сарманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев және құрметті ақсақалдар қатысты. Зейнеткер ұстаз Амантай Нұрғалиев құрылысшыларға батасын беріп, жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта Көкпекті ауданындағы өткір мәселенің бірі болып табылады. Аудан әкімі Асхат Смаиловтың тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында ең көп көтерілетін мәселе – жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні Көкпекті ауданы бойынша Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімінде баспана кезегінде 330 азамат тіркеуде тұр. Десек те, аудан басшылығы бұл мәселені шешуде мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін пайданалып, тындырымды жұмыс жасауда. 2019 жылы 36 көпбалалы отбасына бюджет қаражаты есебінен жеке тұрғын үй сатып алынды. Сондай-ақ, аудан орталығында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және әлеуметтік сала мамандарына 16 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Самар ауылында 2021 жылы он 2 пәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізуге жоспарлау сметалық құжаттар әзірленуде.


- Тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарлама бойынша жиырма 2 пәтерлі тұрғын үй құрылысына 600 миллион теңге қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстары уақытында аяқталатын болса көпбалалы және аз қамтылған 40 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл бірінші кезекте елдің қуанышы, – деді аудан басшысы Асхат Смаилов.
Аудан әкімі «Элеватор» аумағындағы құрылыс барысын көруге жиналған ақсақалдарға мердігер ұйым өкілі Аслан Түменбаевты таныстырды. «Дороги Востока» мердігер ұйым өкілінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта жұмысқа қажетті құрылыс материалдары жеткізілген. Тегістеу және бетондау жұмыстарына 20 адам тартылған. Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Жоба бойынша 3 бөлмелі әр пәтердің жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз