Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылатын «Табыс» шаруа қожалығының іргесі 2003 жылы қаланған болатын. Шаруашылық басшысы Архат Оразбаевтың айтуы бойынша бүгінгі таңда шаруа қожалығында 240 бас ірі қара, 115 бас жылқы және 500-ге тарта ұсақ малдар бар.
– Келесі жылы асыл тұқымды аналық сүтті сиырлардың санын көбейту үшін несие алуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта біз 140 басқа арналған сүтті-тауарлы ферманың құрылысын биылдан бастап кеттік. Ферма құрылысы заманауи еуростандартқа сай жүріп жатыр, жаңа жабдықтармен жарақтандырылуда. Сиыр сауу, оларды азықтандыру және ғимаратты жинау сияқ-ты жұмыстардың барлығы автоматтандырылған жүйеде жасалатындығы қызметкерлерден аса көп күш жұмсауды талап етпейді. Сонымен қатар, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 2 басқа арналған мал сою алаңын салып жатырмыз, - дейді шаруа қожалығының басшысы.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін, селолық округтің әкімі М.Смагұловпен және жастар маманымен біріге отырып, 29.07.2016 жылы «Адам саудасы – індет» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді. Осы кездесу барысында адам саудасы және адам саудасының түрлері, олардың белгілері, салдары, жауапкершілігі туралы айтылып, брошюралар мен бірге сенім телефондары жазылған қағаздар таратылды. Кездесуде қатысушылар өз пікірлерін білдірді. Адам саудасы және арзан жұмыс күшін пайдалану, адамдарды құлдыққа салу жағдайларымен күрес және тосқауыл қою жолдары талқыланды. Одан әрі аталған тақырып бойынша баяндама оқылып, адам сату әрекеттерімен әрбір азамат белсене күресіп, құқық қорғау органдарына көмекші бола білуі тиіс екендігі айтылды.

«Ағайын тату болса, ат көп», - дейді қазақ мақалы. «Құдайбергенов» шаруа қожалығын ұстап отырған ағайынды Құдайбергеновтердің басты ұстанымы да осы. Шаруашылықтың «алып кел, шауып кел», құжаттары жұмысымен Ришат Кәртайұлы айналысса, жалпы басқару тізгіні ағасы Әнуарбектің қолында. «Мен бас инженермін ғой, бастығымыз Ришат», - деп қояды ол кісі. Аулада, үй маңында тізілген техника. Бір тракторды ортаға алған үш-төрт азамат техниканың «ішек-қарнын» ақтарып жатыр. Тағы да қалың жаңбыр келе жатыр деп аспанға қарап қойған Әділбек ағай, шөп орағының басталмай тұрғанына қынжылады. – Техника сақадай сай, күн ашылса болды, шабындыққа аттанамыз. Ал қазіргі шаруамыз сол, күніне бір барып шабындықты аралап қайтамын, - дейді. Жалпы 56 гектар шабындықтың 40 гектары шабылып, жиналған, енді азғана жерді ғана шауып, жинап алсақ болар еді дейді шаруашылық жетекшісі.

Толығырақ...

Тассай ауылдық округінде бүгінгі күні 21 шаруақожалығы тіркелген. Жылдан жылға өсіріп жатқан мал бастарының саны өсіп, еңбектері еселеніп келеді.
Солардың бірі, іргесін 2013 жылы қалаған «Дарын» шаруақожалығы. Қожалық басшысы ауылымыздың бел баласы Қанат Тілебалдин. Шаруашылық ауылдан 8 шақырым жердегі Шұбарши аумағында орналасқан. Ұйымда 304 бас ірі қара мал, 62 бас жылқы бар.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бас-тап шаруашылық 135 басқа арналған мал бордақылау алаңын және ет қоймасы мен малшыға арналған үй салып жатыр. Бүгінде құрылыс қарқынды жүріп жатқанын айта кет-кеніміз жөн. Шаруашылық басшысы мал ша-руашылығына жауапты азамат, техниканың тілін жете меңгерген М.Мұхаметқалиев және басқа жұмысшыларымен аяқталу мерзімі қазан айына жоспарлап отыр. «Малымыздың бір бөлігін бордақы алаңына қойсақ сол арқылы өндіріс тиімділігін арттырсақ деген мақсатым бар. Қазіргі таңда малды бордақылап сату тиімді» дейді шаруашылық барысын жақсы түсінетін Қ.Тілебалдин. Сонымен қатар, Қанат ауылымызда өтетін мәдени іс шаралардың басы-қасында болып, үнемі демеушілік көрсетіп жүреді. Осындай азаматтар барда, ауыл мерейі қашанда үстем болмақ!

Мемлекеттік қызметкер қызметтің қай сатысында отырмасын, ең алдымен, ол өзінің халықтың қызметшісі екендігін ұғынуы тиіс. Мемлекет басшысы біздің ұранымызды: «Біздің міндет – халыққа қызмет» деп анықтады. Иә, алдына келген тұлғаның өтінішін қанағаттандырудың заңды әрі ең тиімді жолын табу, өз міндеттерін адал атқару, халықтың игілігіне жұмыс істеу мемлекеттік қызметкердің ең негізгі міндеті екені айқын.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз