Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, өзінің еңбек жолын бастағандардың бірі Ержан Уалиев. Осыдан 3 жыл бұрын «тәуекел» деп «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысып, өз ісін ашуға жеңілдікпен берілетін несие бо-йынша 3 млн. теңге алады.
Мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша еңбек етемін деген әрбір адамға барша жағдай жасалған. Жеке шаруашылық ашып, сол арқылы өзінің ісін алға бастырумен қатар, еліміздің гүлденуіне де өз еңбек үлесін қосып жатқан азаматтар баршылық. Со-лардың қатарында Үлкен-бөкен ауылының тұрғыны Ержан Увалиев.


Туған жер, туған ел адам баласына қашанда ыстық. Сол туған жерде еңбек етіп, отбасында бала тәрбиелеп, туған еліне, отбасы мен туған-туысына қандай да бір көмегі тиіп жатса, ол адамгершілік асыл қасиеттерінің бірі емес пе?!
Газет тілшілерімен ой бөліскен отағасы Ержан өзінің жұмысы, алдағы жоспары жайлы баяндап берді:
- Қазіргі таңда, жаз маусымында жұмыс көп, әр ауылдан тапсырыс қабылдаймыз. Тақтайшалар көбіне үй құ-рылысына сатылады. Менде қазір 2 жұмысшы еңбек етеді. Жалақыларын күнделікті төлеп отырамын. Жұмыстың жеңілі жоқ, сондықтан аянбай еңбек ету қажет. Алдағы уақытта, тағы да несие алып осы ісімді кеңейтпекшімін. Ағаш кесумен ағам айналысып, кейін мен оның жолын жалғастырып, халықтың игілігі, отбасымның несібесі үшін еңбек етемін, - деді кәсіпкер азамат.
Сонымен қатар, ол Елба-сының биылғы Жолдауына да өз ойын білдіріп, үн қосты. Оның пайымдауынша, Жолдау-да ерекше атап көрсетілген мемлекеттің шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін арттыруды қолдауы өте қуанышты жағдай.
- «Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы – басты назарда» деген Елбасымыздың жаңа Жолдауындағы басты түйін баршамыздың еңбектегі табыстарымыз бен жетістіктерімізге жол бастары сөзсіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Елбасын қолдаймыз, ертеңгі күнімізге сенеміз. Нұрлы жолы – біздің жолымыз! - деп біздің кейіпкеріміз ой-пікірін тұжырымдады.
Бұған біздің де қосарымыз «елім» деген азаматтардың бастаған істері сәтті болсын!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз