Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауылдың сыртқы көркі – оның айнасы. Осы сөздердің байыбына бара білген Үлгілімалшы ауылындағы Ленин атындағы көшеге жарық-тандыру шамдары құрылып, ауылдық округ әкімі М.Смағұловтың бастауымен Көкжал Ба-рақ және Ленин көшелерінің жолдарына те-гістеу жұмыстары жүргізілді. Осындай игі іске ауылдың шаруақожалық иелерімен бірге ауыл тұрғындары да бір кісідей атсалысты. Көше бойындағы шөптерді шабу жұмыстарын да ауылдастар бірге еңсеріп тастады. Ауылдық округке қарасты Үлгілімалшы, Нұра, Мамай ауылының тұрғындары ауыл маңындағы Талапкер өзенінің суын бөгеу мақсатындағы алдын алу шараларын жүргізді. Сонымен қатар, әкімшілік ғимаратының алдын көріктендіруді де назардан тыс қалдырмады. Сүлеймен ауы-лы тұрғындарының демеушілігімен бұрынғы мектеп ғимаратының ішіне пеш салынып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еңбекқор үлгілімалшылықтар әр апта сайын сенбіліктер өткізуді де ұмытпайды. 

Қазіргі таңда футбол ауданымызда жоғары танымалдылыққа ие болып келеді. Бұл сөзіміздің шындығына аталмыш ойынды көкжәшіктен тамашалап, жанкүйер болып отыратын аға буын ғана емес, күн сайын ойын алаңының шаңын шығарып, ала допты аспанға атып жүрген жастар да дәлел бола алады.

Толығырақ...

Астана күніне арналған салтанатты мерекелік шараның шымылдығы ауыл әкімі Ержан Құдайбердіұлының ізгі ниетпен жолдаған құттықтауымен түрілді.
Сөз алған «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрайымының орынбасары Т.Бапабаев, ауыл имамы, аузы дуалы ақсақал Әлімқан пірадар мен Көкпекті ауданының құрметті азаматы, ауылдың қадірлі қариясы Қуан Түсіпбеков сынды жақсылар алқалы ағайынға ақжарма тілектерін айтып, мерекеге береке тілесті.

Толығырақ...

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында аталып өткен еліміздің бас қаласы Астананың туған күні зор өрлеу үстінде аталып өтті. Самар ауылының тұрғындары да бұл күнді айрықша сезіммен тойлады.
Жиналған ауыл тұрғын-дары мен қонақтарды ауылдық округ әкімінің орынбасары Г.Мәжібаева құттықтады. «Біз әлем таныған, қысқа мерзімде жер бетіндегі әсем қаланың біріне айналған, жаңа ғана 18 жасқа келіп жатқан Астанамызбен мақтана аламыз», - деді Гүлнар Әлмұратқызы. Мерекеге орай, кәмелетттік жасқа толған екі жігітке төлқұжаттар табысталды. Нұртас Сауыров пен Құламерген Бердімұрат салтанатты жағдайда жеке бас куәліктеріне ие болды. «Біз үшін бұл ұмытылмас сәт», - дейді олар. Мерекелік салтанат ауыл өнерпаздарының концерті мен би кешіне ұласты.Спорттық модульде волейболдан және қызықты эстафетадан жарыс өткізілді. Оған ауыл жастары белсене қатысты.


Клара НҰРПЕЙІСОВА

Қасиетті Рамазан айы тек ораза ұстаумен шектелмейді. Бұл айда рухани тазару, айналаға рақымшылықпен қарау да сауап болмақ. Сондай игілікті істі Шығыс Қазақстан діни басқармасы да атқарып отыр. Биыл Көкпекті ауданының бірнеше елді мекенінде, атап айтқанда Көкпекті, Бастаушы, Көкжыра, Ақой, Үлкенбөкен, Тассай, Үлгілімалшы, Көкжайық және Самар ауылдарындағы мешіттерде балалар мен ересектерге арналған тілашар сабақтары өтуде.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз