Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргі таңда футбол ауданымызда жоғары танымалдылыққа ие болып келеді. Бұл сөзіміздің шындығына аталмыш ойынды көкжәшіктен тамашалап, жанкүйер болып отыратын аға буын ғана емес, күн сайын ойын алаңының шаңын шығарып, ала допты аспанға атып жүрген жастар да дәлел бола алады.


Жақында Көкпекті ауылында шағын футболдан аула командалары арасында балалар және жасөспірімдер лигасы бастау алды. Спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Б.Юсуповтың айтуы бойынша, ойын апта сайын «Көкпекті жолдары» стадионында өткізіледі. Ойынға қатысқысы келетін кез келген бала құрылған командалардың қатарына кіріп немесе өз командасын құрып, қатыса алады. Бүгінгі күннің өзінде өзара сайысқа түсіп жүрген 10 команда бар екенін айта кетеміз. Ойын нәтижелері бойынша ұпайлар есептелгеннен кейін жеңімпаздар анықталып, оларға тиісті марапаттаулары мен сыйлықтары табысталатын болады.
Алдыңғы толқыннан үлгі алып келе жатқан жас футболшылар қызығымен қоса қиыншылығы да аз емес аталмыш ойынды күннен күнге жақсырақ меңгеруге тырысып, шынығып келеді. Осы орайда жақында облыстық чемпионаттан ауданымыздың құрамасы көршілес Зайсан, Күршім және Тарбағатай аудандары командаларын жеңіп, ойынның ақтық бөліміне өткенін атап өткеніміз жөн.
Футбол – әлемдегі қызығушылғы ұқсас миллиондаған адамдардың басын қосатын өзіндік байланысу тілі. Алаңға жиналған жасөспірімдердің көптігіне қарап, келешекте ауданымызда облыстық, тіпті республикалық командаларға бәсекелестік таныта алатын кәсіби ойыншылар бой көтеретін болады деп сеніммен айта аламыз.


Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз