Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

11 Шілде 2016

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында аталып өткен еліміздің бас қаласы Астананың туған күні зор өрлеу үстінде аталып өтті. Самар ауылының тұрғындары да бұл күнді айрықша сезіммен тойлады.
Жиналған ауыл тұрғын-дары мен қонақтарды ауылдық округ әкімінің орынбасары Г.Мәжібаева құттықтады. «Біз әлем таныған, қысқа мерзімде жер бетіндегі әсем қаланың біріне айналған, жаңа ғана 18 жасқа келіп жатқан Астанамызбен мақтана аламыз», - деді Гүлнар Әлмұратқызы. Мерекеге орай, кәмелетттік жасқа толған екі жігітке төлқұжаттар табысталды. Нұртас Сауыров пен Құламерген Бердімұрат салтанатты жағдайда жеке бас куәліктеріне ие болды. «Біз үшін бұл ұмытылмас сәт», - дейді олар. Мерекелік салтанат ауыл өнерпаздарының концерті мен би кешіне ұласты.Спорттық модульде волейболдан және қызықты эстафетадан жарыс өткізілді. Оған ауыл жастары белсене қатысты.


Клара НҰРПЕЙІСОВА

Read more

БАС ҚАЛА – БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

Астана – бұл кең даладағы жай қала ғана емес, еліміздің сая-си ерік-жігер көрінісінің нышаны. Сарыарқаның сары белінде, Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде, ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күре тамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтар мен игіліктердің шоғырлануы. Тәуелсіз Қазақстанды бейнелейтін жас елордамен қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының арманы мен үміті астасып жатыр.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз