Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Астана – бұл кең даладағы жай қала ғана емес, еліміздің сая-си ерік-жігер көрінісінің нышаны. Сарыарқаның сары белінде, Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде, ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күре тамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтар мен игіліктердің шоғырлануы. Тәуелсіз Қазақстанды бейнелейтін жас елордамен қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының арманы мен үміті астасып жатыр.


Аудан орталығында атаулы күн баршаға әсем көңіл-күй сыйлап, жоғары дәрежеде аталып өтілді. Елорданың мерейін бүкіл ел боп мадақтаған осы күні Көкпекті төрі асқақтаған әнге бөленіп, шарықтаған сазбен бірге тербетілді. Жиналған қауымды ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Қ.Мұқышев құттықтап, Астананың көркеюі – еліміздің даму деңгейін айшықтап тұрғанын атап өтті. Елорданың төл құрдасы Заңғар Серіков: «Мен еліміздің бас қаласымен жастымын. Соны мақтан етемін. Бүгінде әлемдегі ең әсем қалалардың бірі болып қалыптасқан Астананың құрылысы жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше белгісіне айналды. Ал, біз, жас буын, оның негізгі құраушысымыз. Сол себепті, әр ісіміз жас қаламыздың бүгіннен ертеңге батыл қадам басуына арналмақ», - деп қуаныш сезімімен бөлісті.
Аудандық Жастар орталығы және Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздарының ұйымдастыруымен мерекелік концертпен қатар, жастардың көңіл сарайын ашқан түрлі ойындар мереке мерейін ода әрі асқақтатты. Ашық аспан астындағы мереке бейресми түрде өткізіліп, би кешіне ұласты. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет үйі қызметкерлерінің бірігіп ұсынған флешмобы көптің көңілінен шықты, тіпті, жастар жағы қосылып билей жөнелді.
Бүгін біз Астанаға қандай мадақ айтсақ та жарасады. Сол сөздердің барлығын құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп айта аламыз. Болашақтың есігін айқара ашып, әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, тұрақтылығы және ең бастысы шаттығы шалқыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны ақ көңілді, кең пейілді, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жомарт мінезді ешкіммен теңдесі жоқ қара қазағымның арқасы. Болашақтың берік іргетасы - Бас қаламыздың шаңырағы биіктей берсін. Елдігіміз еңселі, тыныштығымыз тұрақты болғай!
Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз