Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Астана күніне арналған салтанатты мерекелік шараның шымылдығы ауыл әкімі Ержан Құдайбердіұлының ізгі ниетпен жолдаған құттықтауымен түрілді.
Сөз алған «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрайымының орынбасары Т.Бапабаев, ауыл имамы, аузы дуалы ақсақал Әлімқан пірадар мен Көкпекті ауданының құрметті азаматы, ауылдың қадірлі қариясы Қуан Түсіпбеков сынды жақсылар алқалы ағайынға ақжарма тілектерін айтып, мерекеге береке тілесті.


Әсем әуен ғимарат ішін кернеді. Бас қаламызды мейлінше әспеттейтін әннің алуан-алуан түрі орындалды. «Астанам-арманым», «Шырайлы шығысым» «Ақбаян» сынды жаныңды рақатқа бөлейтін сырлы, сұлу сазды қоңыр әуендер бойыңды тербеп, ойыңды алыстағы армандарға жетелесе, делебеңді қоздырып, дегбіріңді кетіре орныңнан атып тұрғызып, билетіп жіберетін қызу қанды «Жаным Қазақ» «Байқа» «Жайна, Астана» «Гүл Астана» «Қазақ жастары» сияқты жігерлі әндер де естігеннің құлақ құрышын қандырды.
Мерекелік думанның арасында жүргізушілер тарапынан, Ота-нымыздың жүрегі Астанамыздың тарихына шолу жасалып, түп қазығымыздың арғы-бергі тарихы мен бүгінгі келбетіне, күннен-күнге көркейіп келе жатқан сәулетіне сай жұмбақ сұрақтар қойылып, көрермендер жағының жауаптары да сәйкес келіп жатты. Отан туралы, ана туралы әндерді салып:
«Көгімде қалықташы, жыр Астана,
Жайнашы, жасай берші, гүл Астана» – деп, ауылдастарына ажарлы сый тарту еткен өнерпаздар Шынар мен Жанар Мұқановалар, сегіз қырлы бір сырлы Біржан Байжұманов, көмейінен әуен атқылаған хас әнші Елжан мен жас әнші Бекжан Шмашевтар сондай-ақ, сазды үні құлақтан кіріп бойыңды баурайтын Бақыткүл Адамова сияқты жалынды жастарға жұрт қатты риза болып, риясыз көңілмен алғыстарын жаудырып жатты.
Жасай бер, асқақ Астана!


К.Байжұманов,
Тассай ауылдық клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз