Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылатын «Табыс» шаруа қожалығының іргесі 2003 жылы қаланған болатын. Шаруашылық басшысы Архат Оразбаевтың айтуы бойынша бүгінгі таңда шаруа қожалығында 240 бас ірі қара, 115 бас жылқы және 500-ге тарта ұсақ малдар бар.
– Келесі жылы асыл тұқымды аналық сүтті сиырлардың санын көбейту үшін несие алуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта біз 140 басқа арналған сүтті-тауарлы ферманың құрылысын биылдан бастап кеттік. Ферма құрылысы заманауи еуростандартқа сай жүріп жатыр, жаңа жабдықтармен жарақтандырылуда. Сиыр сауу, оларды азықтандыру және ғимаратты жинау сияқ-ты жұмыстардың барлығы автоматтандырылған жүйеде жасалатындығы қызметкерлерден аса көп күш жұмсауды талап етпейді. Сонымен қатар, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 2 басқа арналған мал сою алаңын салып жатырмыз, - дейді шаруа қожалығының басшысы.


Бүгінде шаруашылық басында 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Олардың барлығы дерлік ауыл тұрғындары десек те болады. Мал шаруашылығынан бөлек, шаруа қожалығы биылғы жылы егін екті. 1000 гектар жердің бордақылау алаңына арналған 120 гектарына арпа, 150 күнбағыс екті. Келесі жылы егістік алқабын кеңейту де жоспарларында жоқ емес.
Жақында лизинг арқылы жер жыртқыш құралы, тұқым сепкіші бар жаңа К-700 комбайнын алдық. Қосымша жабдықтарды сатып алу келесі жылға жоспарлануда.
Балық өндірісін қолға алу да шаруашылықтың бағдарына алынған. Биыл шаруа қожалығы негізінде құрамына балық шаруашылығымен айналысатын 4 кәсіпкер енетін «Көкпекті Балық» ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. Кооператив ауылдық округте балық өнімдерін өңдеу және өндіруді іске қосу жоспарын жүзеге асыру мақсатында құрылған. Шаруашылықта филе, тартылған балық және шаян ұстайтын 3 түрлі өндіріс бойынша жұмыс істейтін балық цехы бұрыннан бар.
- Қазір жігіттер балық аулау ісі заңды болуы және өздеріне бөлінетін аймақты алуы үшін тендерді күтіп жүр. Әзірге біз Алматылық аймақ иелерінен жалға алып жұмыс жасап жатырмыз, бірақ, әрине ауланған балықтардың мөлшері өңдеуге жеткіліксіз болып табылады. Дегенмен, жақында өзімізге тиесілі аймаққа ие болғаннан кейін ісіміз қарқынды жүріп, кезінде жұмысы тоқтап қалған цехқа жаңа серпін әкелеміз деп сенеміз, - дейді Архат Мәуітбекұлы.
Иә, цех өз жұмысын бастаған кезде, оның пайдасы тек аталған ауылға емес, бүкіл ауданымызға тиері сөзсіз. Шаруашылық басшысының алға қойған мақсаты нақты, бағдары айқын. Енді тек сәттілік серік болғай дейміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз