Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік қызметкер қызметтің қай сатысында отырмасын, ең алдымен, ол өзінің халықтың қызметшісі екендігін ұғынуы тиіс. Мемлекет басшысы біздің ұранымызды: «Біздің міндет – халыққа қызмет» деп анықтады. Иә, алдына келген тұлғаның өтінішін қанағаттандырудың заңды әрі ең тиімді жолын табу, өз міндеттерін адал атқару, халықтың игілігіне жұмыс істеу мемлекеттік қызметкердің ең негізгі міндеті екені айқын.


Теректі ауылдық округі әкімінің аппаратында үш бас маман, бір жетекші маман қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметте 15 жыл еңбек өтілі бар бас маман Жұлдызбек Назарбаев, қызмет жылдарының қызығы мен шыжығын қатар көрген тәжірибелі қызметкер. Өз ісін жетік меңгерген салмақты да салиқалы жан жас буынға білгенін айтып, бағыт-бағдар беруге қашан да даяр тұрады. Сондай кезде көп жылдық тәжірибесі бар мамандар мемлекеттік қызметтің өркендеуінің күре тамыры дерсіз.
Ұзақ жылдар бойы қызметтің әр саласының дәмін татып көрген Мензипа Аухадиева бүгінде мемлекеттік қызметтің адал еңбеккері. Теректі ауылдық округінде бас маман ретінде қызмет етіп жүргеніне төрт жыл болды. Осы мерзім ішінде Мензипа Секенқызы өзінің белсенділігі мен жұмысқа деген ынтасы арқылы әріптестерінің ортасында сыйға лайық болып үлгерді. Қашанғы сабырлы мінезі мен әділдігінің арқасында қазіргі таңда ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы, кәсіподақтың мүшесі.
Біздің әр ісіміз халыққа адал қызмет атқару мақсатында жүзеге асырылады. Сондықтан, осындай тәжірибелі, білгір мамандардан үлгі алып, өзіміз кейінгіге үлгі боларлық адал қызмет еткеніміз дұрыс. Әріптестер арасындағы ауызбіршілік пен ұйымшылдық нағыз мемлекеттік қызметкерлрге тән қасиет. Соны ту қылуды ұмытпайық.


Қ.Қонақаева, жетекші маман,
Теректі ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз