Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2016 жылы 16 желтоқсанда, Қазақстан Рес-публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы күні, Самар ауылының перзентханасында еліміздің жаңа азаматы дүниеге келді.
Миролюбовка ауылының тұрғыны Анжела Ивановна Валтышева аман-есен ер бала босанды. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қабайұлы Қалдыбаев аудан әкімінің атынан жас ананы құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде, Анжела, аудан басшылығына шын көңілден алғысын білдірді.

Біздің корр.

Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздікке апарған ұлы да, ұзаққа созылған жол тайғақ кешуден тұрады. Бұл жолда ата-бабаларымыз ұлан-ғасыр жерімізді сырт жаулардан қорғау үшін ғасырлар бойы күресіп келді. Талай батыр ұл-қыздарымыз толарсақтан саз кешіп, еркіндікті аңсады. Ұлы даламызды қазіргі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Тәуелсіздігіміз жарияланған күн – Отанымыздың тарихында алтын әріппен жазылып, көкейімізден кетпейтіндей сезімде қалатын күн. Тәуелсіздігімізді ардақтау, оны ерекше атап өтудің жөні бір бөлек. Бодандықтан шығып, бостандыққа жеткен, елдігімізді аңсап, ертеңгі күнге жеткізген 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні ұлық мерекемізге 25 жыл толды.

Толығырақ...

Қазақстандықтар үшін теңдесі жоқ тарихи күн - Төл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өткен қайырымдылық акциясы негізінде аудан әкімінің орынбасарлары Алмагүл Жанахметқызы Әкімова, Марат Қапарұлы Теміржанов, Ерлан Қабайұлы Қалдыбаевтың басшылығымен ауылдық округ әкімдері және баспасөз өкілдерімен бірге Ұлы Отан соғысы ардагерлерін арнайы барып, Ұлттық мерекемен құттықтап, оларға кәдесыйлар табыстап шықты.

Толығырақ...

Бүгін ауыл тірлігін тіптен ерте бастап кетті. Күн шығардағы шыңылтырды суықты елемей алма бетінің ұшын аяз сорып қызартса да қыңқ етпей мерекелік күйге еніп қарбаласып кеткен қауымның қағанағы қарқ. Өйткені, бүгін Тұңғыш Президентіміз жалпы Қазақ елінің тумысында тұңғыш рет президент деген сөзді иеленген күні желтоқсан айының бірінші жұлдызы. Қан мен термен келген азаттықтың аясында пайда болған қастерлі күн болатын.

Толығырақ...

Жыл сайынғы дәстүр жалғасын тауып, биыл да ауылшаруашылық қызметкерлері күні қарсаңында ауданның агроқұрылым басшылары, астық жинауда биік белестерден көріне білген майталман жұмысшылар қатысқан үлкен мерекелік кеш өтті.
Ауыл шаруашылығы саласында ауданда көптеген жеке қожалықтар ашылып, бүгінде олардың барлығы да өз ісін алға жылжытып отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырған ауылшаруашылық қызметкерлері назардан тыс қалған емес. Елбасының жарлығымен жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісі ауылшаруашылық қызметкерлері күні болып бекітілді. Осыған орай, Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиынға аудан әкімі Р.Н.Сағандықов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов, ауылдық округ әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары, ауыл шаруашылық қызметкерлері мен жеке қожалық басшылары қатысты.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз