Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Міне, көптен күткен Жаңа жылымыз да келіп қалды! Халық арасында «Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әр кірген Жаңа жылдың дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады» деген ұғым бар. Осы ұғымға сай әр адам, мейлі сәби болсын, мейлі ересек адам болсын Жаңа жыл мерекесінен бір ғажайып күткендей күйде болады.


«Елім-ай» шаруа қожалығы жыл сайын ұжым жұмысшыларының балаларына жаңажылдық шырша және жұмысшыларға арналған мерекелік кеш ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында аулымыздағы «Елім-ай» шаруа қожалығының ұйымдастыруымен аталған ұжым жұмысшыларының балаларына арналған Жаңа жыл мерекесі өтті. Осы іс-шара Иран Мұқанқызы Бекбердинованың басшылығымен ұйымдастырылып, «Бөбек лүпілі» тәрбиешілері көмегімен мерекелік бағдарлама ұсынылды. Мерекені жүргізген тәрбиешілер Шынар Жұмабекқызы мен Маржан Аханқызы, Аяз атаны сомдаған Ерлан Сайлауғазыұлы, Ақшақар кейіпіне енген Шынар Бақытбекқызы, ертегі кейіпкерлерін сомдаған Диляра Ерланқызы, Назерке Бауыржанқызы, Гүлжан Құдайбергеновна балаларға шырша мерекесінің тамаша да сиқырлы көріністерін көрсетті. Музыкалық жетекшісі Ме-руерт Алмабекқызының сүйемелдеуімен балалар Жаңа жыл туралы «Жаңа жыл», «Жасыл шырша жанында» тағы да басқа әндер айтып, би биледі. Фархат Мұратұлы мерекеге арнап ән шырқады. Жаңа жыл шыршасына келген басқа да көптеген балалар өз өнерлерін көрсетті. Мерекені тамашалауға келген балалар ән шырқап, би билеп, тақпақтарын айтып, шаруа қожалығы басшысының дайындаған сыйлықтарын Аяз атаның қолынан алып, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарасты. Сол күні кешкісін «Елім-ай» шаруа қожалығының басшылары осы ұжымның жұмысшыларына арнап, Жаңа жыл кешін ұйымдастырды. Кешке қатысқандардың айтуынша, мереке жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, қызықты да сәтті өтті.
Жаңа жыл мерекесі баршамызға бақыт әкелсін!
«Елім-ай» ШҚ ақпараты, Көкжайық ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз