Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылдық округіне жаңа әкім сайланыпты дегенде елдің елең ете қалғаны анық. Себебі, соңғы кезде аталған округке әкім тұрақтамай кетіп еді. Ал Ерлан Қизатоллаұлының әкім болғандығын естіген жұрттың қуанғаны рас. Себебі, ол – осы ауылдың азаматы. Алдында білім саласында 25 жыл еңбек етіп, соңынан мектеп директоры болып қызмет атқарған жас жігіттің іскерлігін ел танып үлгерген.

Толығырақ...

Шалғайда жатқан шағын ауыл Егінбұлақта Ұлы Жеңіс мерекесі «Ауыл күні» деп аталған ауқымды шараға ұласты. Дала төсі дүбірге бөленіп, алыстағы Егінбұлаққа ағылған ағайынның қарасы көп болды. Аудан орталығы Көкпектіден, Семейден, көршілес Биғаш және Жарық ауылдарынан келген қонақтарды ауыл тұрғындары құшақ жая қарсы алды. Аудандық маслихат депутаты Нұржихан Абдрахманова, ауылдық округ әкімі Қайрат Айыпқазыұлы, құрметті ардагер Рауия Алпысбайқызы да бұл күні мерекелі ауылға ат басын тіреп, көппен бірге болды.

Толығырақ...

Көп күттірген жарқыраған мамыр күндері де келді, онымен бірге күннің сәулесі молынан жерге төгіліп, ағаштардың жапырағы жайлып, құстар сайрап қанаттарында мерекені әкелді. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
1 мамыр күні Самар ауылында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шеру өтті, оған округтің мекеме, шаруа қожалық ұжымдары атсалысты.

Толығырақ...

Өткен аптаның сейсенбісі күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындары Самар өңірі көркемөнер-паздарының күшімен дайындалған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Бұл - Алаш қозғалысының 100 жылдығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын атап өтуге орай, Көкпекті ауданы ауылдық округтері арасында ұйымдастырылған «Қазақстанның көк туы желбірей берсін» атты көркемөнерпаздар байқауының жалғасы.

Толығырақ...

2017 жылдың 6 сәуірінде Шұғылбай ауылында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына, Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Көкпекті ауданы ауылдық округтер арасында ұйымдастырылған "Қазақстанның көк туы желбірей берсін" атты көркемөнерпаздар байқауы Теректі мен Шұғылбай ауылдық округтері арасында өтті.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз