Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылында сексен жылдық тарихы бар Қ.Раев атындағы балалар үйі тарағалы да біраз болды. «Жер бетінде жетім болмасыншы» деген тілек әркімнің көңіліне қонса да, сол мекемеде жұмыс істеп, қызмет қылғандар ептеп қиналыңқырады. Сонда үкімет ешкімді де қараусыз қалдырған жоқ. Қызметкерлер жұмысқа тұрды, тәрбиеленушілер басқа балалар үйлеріне кетті. Кейін балалар үйінде қалған 21 баланың 10 ауылдан кетпей, Көкпекті тұрғындарының патронаттық тәрбиесінде қалған екен. «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Ақшабаева, білім беру, спорт және дене шынықтыру бөлімінің маманы С.Қойшығұлова бастаған комиссия Берікхан Көбелеков отбасы қамқорлығына алған Алексей Атемасовтың жай-күйімен таныстық.


Кең сарайдай алты бөлмелі оқшау үйдің ауласы тап-таза, жүйектер мен гүлзарлар қопсытылып, тегістелген. Үйдің кіреберісінен байқалған мұнтаздай тазалық отанасының қандай адам екенін білдіргендей. Албарға кіргенде әдемі жимиыған ақсары келіншек пен байсалды жігіт емен-жарқын амандаса қарсы алды. Алексей бізге жатын бөлмесін, сабаққа даярлантын демалыс бөлмесін көрсетті. Ас үйге келгенде отбасы, ошақ қасында қазанның иесі Гөзел Мұратқызы:
- Бұл ас үйіміз, дастархан басында Алексейге бауыр басып кеткен екі ұлым мен отағасы, бәріміз жиналатын қасиетті орнымыз. Берікхан балалар үйінде қызмет еткен кезде мекеме жабылып, таратылатын болған соң, бәріміз келісіп, Алешаның өтінішін қабыл алдық. Қазір Леша тұңғыш ұлымыздай, кейінгі інілерінің қамқоры. Бұл жұбайым екеумізді қатты қуантады, – деді ағынан жарыла аналық мейіріммен.
Патронаттық тәрбиелеушілерді қадағалап, бақылап отыратын аудандық білім беру, спорт және дене шынықтыру бөлімінің маманы С.Қойшығұлованың айтуы бойынша аудан көлемінде 10 бала жанұяда тәрбиеленіп жатыр екен. Олардың материалдық және қаржылай қамтамасыз етілуі толықтай мемлекет қамқорлығына алынған екен. Тәрбиелеуші отбасының жағдайы, жанұядағы моральдық-психологиялық климаттың талапқа сай болуын қадағалайтын инспектор А.Айыпқазиеваның да міндеті зор, қызметі ауқымды екен. Осы рейд барысында өзін «руым - матай, атым - Ілияс» деп таныстырған Илья Носов тәрбиеленіп жатқан Ж.Тарпаңбаева мен Қ.Мұқажановтар үйінде болып, жақсы тәрбие мен жанұялық жарасымдылықтың куәсі болдық.
Қазынаның салтанаты сарайдай балалар үйінен, жанға жылылық ұялатып, көңілге туыстық, жүрекке мейірімділік орнататын отбасынан артық ештеңе жоқ екені Алексей мен Ильяның бақытты жүздерінен көрінді. «Кең құшағын жайған бақ» деген қазақтың сөзі отбасы бақытында екеніне шүбәсіз сендірген Көбелековтер пен Мұқажановтар отбасына риза болдық.

Қайрат Мәлікаждар,
«Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы консультанты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз