Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының 26 жылдығына орай Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп-лицейде Желтоқсан оқиғасының 31 жыл толуына арналған патриоттық бағыттағы ашық сабақ өтті. Бұл іс-шараға Көкпекті ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Н.Шалова, Самар селолық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Садықов, әйелдер кеңесінің төрайымы Э.Степанова, Ауған соғысы ардагері Ақылбек Исағұлов, Чернобыл апатын жоюға қатысқан Қайрат Қаймұлдинов және Самар агро-техникалық колледждің студенттері қатысты.

Толығырақ...

Биғаш ауылдық округінде ауылшаруашылық қызметкерлері күні аталып өтілді. Ауылдық округке қарасты тірек ауылдарындағы шаруа қожалықтарының басын қосқан, әсерлі де әдемі мерекелік кеш болды. Биғаш ауылдық округіне қарасты «Арна», «Көктерек», «Заря», «Виктория», «Жаннұр», «Мысыр», «Байназар», «Мерей» ШҚ басшылары кеш қонағы болды.

Толығырақ...

Мектеп өмірінде дәстүрге мерекеге айналған бұл мерекені оқушылар асыға күтеді. Күз молшылық сән-салтанат айы. Жеміс-жидектер пісіп, қамбаларға астық құйылып, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Еңбекшілер жиын-терін аяқталғаннан кейін «Сабантойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі тойланады.

Толығырақ...

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Рухани Жаңғыру: Жастар – Ұлт Рухы» атты онкүндік аясында Самар ауылындағы орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыруға байланысты дөңгелек үстел өтті. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Садықов, әйелдер кеңесінің төрайымы Э.Степанова, ауылдық мешіт имамы Б.Калебай, аудандық жастар мәслихатының депутаттары И.Сәулебеков, С.Айдарқызы, Самар ауылының жастары, Құлынжон селолық округінің жастар саясаты жөніндегі маманы С.Нұраллинов қатысты.

Толығырақ...

«Ақынның хаты өлмейді, батырдың аты өлмейді» демекші, қазақ халқы қашан да өз батырларын естен шығарған емес. Сондай батырлардың бірі - Көкпекті ауданы Өрнек ауылының тумасы, Кеңес Одағының батыры, батыл әрі ержүрек Қойгелді Аухадиев. Батырды еске алу мақсатымен оның есімімен аталып, ескерткіші орнатылған «Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» КММ-де аудандық дәрежедегі спорттық «NOMAD MMA» жарысы өтті. 

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз