Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай ауылының М.Әуезов орта мектебінің 10 сынып оқушылары Өскемен қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өткен облыстық «Менің Отаным – Қазақстан» атты жас өлкетанушылар мен туристердің он күндік слетіне қатысып, ауданымыздың намысын қорғап келді. Бұл сайыс төрт кезең бойынша өтті.

Әр кезеңнің талаптарына сай оқушыларымыз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орын алып қайтты. Облысымыздың түкпір-түкпірінен жиырма төрт команда, жүз он жеті дарынды оқушылар бас қосқан бұл сайыста таныстыру кезеңі бойынша Көкпекті құрамасы жүлделі екінші орынды иеленді. Эссе жазу кезеңі бойынша Б.Құдайбергенов бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жетекшілері М.Әуезов орта мектебінің география пәні мұғалімі, Көкпекті ауданы жастар мәслихаты депутаты, Б.Байгереевтің бұл жерде еңбегі өте зор екенін айта кеткіміз келеді. Осындай білімді балаларды тәрбиелеп өсіріп отырған ата-аналарға «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Ақшабаева алғыс хат табыстады. Тассай селолық округі әкімі Ержан Құдайбердіұлы жеңімпаздарды құттықтап, алғыс білдіреді. Жеңімпаз атанып келген оқушыларға ауылымыздың жас кәсіпкері Ж.Тлебалдин арнайы қомақты сыйлықтарын ұсынды.
Оқушылар мен жетекшілер атынан Жанатқа үлкен алғыс білдіреміз.

Мағжан Жадрин,
жетекші маман

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз