Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамыз айының алғашқы жексенбісінде елімізде көлік саласының қызметкерлері күні аталып өтіледі. Елмен елді жалғастырып, алысты жақын етіп, берекелі бірлікке ұластырып отырған көлік саласының маңызы зор. Осы салада ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен ардагерлер мен қызметкерлер төл мерекелерінде марапат төрінен көрінді. 6 тамыз күні Көкпекті ауылдық округінің әкімі Ерлан Ниязбаев кәсіби мереке иелерін құттықтап, аудан әкімі Рамиль Сағандықовтың атынан Алғыс хаттарын табыстады.

Толығырақ...

Қазіргі кезде әр адам өзі қалаған шаруашылықпен айналысып, жеке кәсібін аша алады. Мақсаты, әрине, кәсібінен адал нәсіп алу ғана емес, айналаға аз болса да пайда тигізу болып табылады. Ал, ол үшін адамға бар болғаны ниет пен бірбеткейлік, еңбекке деген құлшыныс қажет. Ойдағы ісіңізді бастауға қажетті қаражатыңыз болса, кәсібіңізді дәл қазір бастасаңыз да сізге ешкім кедергі бола алмайды.

Толығырақ...

Тассай округінде де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Дидар» газетінің арнайы шығарылымы таратылуда. Медициналық сақтандыру жүйесі – бүгінгі таңдағы ең өзекті тақырып болғандықтан, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған арнайы шығарылымнан халық өздерін толғандырған көп сұрақтардың жауабына қаныққаны анық.
М.Жадрин, жетекші маман

Толығырақ...

Тұрғындарды жұмыспен қамтып, шаруашылығын дөңгелетіп отырған округтегі ірі шаруа қожалығының бірі «Нива» болып табылады. Қожалыққа жасы алпыстың алтауын алқымдаған агроном Иван Александрович Похоров пен сала ардагерінің өмірлік жары Любовь Васильевна басшылық етеді.
- Шаруақожалығы құрылғалы 20 жылдан асты. Сол мезгілден бері тек бір бағытта – өсімдік шаруашылығында ғана еңбек етіп келеміз. Бұл салада қолданылатын жаңа әдістер мен технологияларды меңгере отырып, осы уақытқа дейін жинаған бар күш-жігеріміз бен тәжірибемізді еңбек өнімділігіне салуға тырысамыз. Меншігіміздегі 600 га жерге егін егеміз. Оның негізгі бөлігін бидай алса, одан бөлек, сұлы, арпа және күнбағыс дақылдары бар, - дейді шаруашылық басында тиянақты еңбек ететін Любовь Васильевна. – Еңбек күші уақыт ағымымен бірге жасарып келеді. Ардагер жұмысшыларымыздың орнын олардан кем түспейтін еңбекқор ұлдары басады. Біз оларға әрдайым қолдау танытуға тырысып, біліктіліктерін арттыру курстарына жіберіп тұрамыз.

Толығырақ...

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назар-баевтың алға қойған 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» жобасын орындау аясында Көкжайық ауылдық округінде жұмыс ағымы барлық салада алға жылжып келеді. Белгіленген мәреге жетпей қоймайтын ауылдың қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағынан жеткен жетістіктері мен жағымды жаңалықтары жайлы ауылдық округ әкімі Нұрбек Сүлейменов әңгімелеп берді.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы айтарлықтай қарқынды дамуда. Ауылдық округ әкімінің айтуынша ауыл экономикасын өсіруге бағытталған істердің ішіндегі маңызды сала дәл осы болып табылады.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз