Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

23 тамыз күні Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Айбынды, айдынды, айшықты – Ата Заң» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандыққа тәрбиелеу мақсатына бағытталған мерекелік жиынның мазмұнын тақырыпқа сай безендірілген залдағы көрнекіліктермен айшықтала түсті.

Қазақстан Республикасының Әнұраны беташары болған ертеңгілікте қызмет алушы балғындар бойындағы бар өнерін паш етіп, тақпақтарын айтып, ән салып, би биледі. Сондай-ақ, еліміздің Коституциясы туралы білімдерін ортаға салып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл күні балғындар түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, ауданымыздағы ұлтаралық татулық пен келісімнің белгісін көрсетті.
Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз