Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Миролюбовка ауылындағы «Карина» тұрмыс-тық қызмет көрсету орталығы үшінші жыл жұмыс істейді. Осында кез келген бұйымға тапсырыс беруге және көне заттарды қайта жөндеуге болады.
Сіздердің тапсырыстарыңызды үлкен сүйіс-пеншілікпен және кәсібилікпен тігінші-шеберлер Анна Жулина және Евдокия Винтер орындайды. Сондай-ақ, тігіншілер жұмыс формаларын тапсырыс берушінің қалауына сай тігіп береді. Евдокия Андриановна – үлкен еңбек өтілі бар тігінші.

Кез келген зат қолдарына тиісімен жаңаланған, жақсы түрге енеді. Тігін цехының қожайыны Валентина Николаевна Гранкина мата берушілермен бұрыннан бері байланыс жасап, олардың тұрақты тапсырыс берушісіне айналған.
Ауылда сан түрлі қызмет көрсету саласы жұмыс істесе, онда ауыл тұрғындары да лайықты өмір сүріп, өзіне және өзгелерге де пайдасын тигізуге мүмкіндіктері бар.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз