Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тұрғындарды жұмыспен қамтып, шаруашылығын дөңгелетіп отырған округтегі ірі шаруа қожалығының бірі «Нива» болып табылады. Қожалыққа жасы алпыстың алтауын алқымдаған агроном Иван Александрович Похоров пен сала ардагерінің өмірлік жары Любовь Васильевна басшылық етеді.
- Шаруақожалығы құрылғалы 20 жылдан асты. Сол мезгілден бері тек бір бағытта – өсімдік шаруашылығында ғана еңбек етіп келеміз. Бұл салада қолданылатын жаңа әдістер мен технологияларды меңгере отырып, осы уақытқа дейін жинаған бар күш-жігеріміз бен тәжірибемізді еңбек өнімділігіне салуға тырысамыз. Меншігіміздегі 600 га жерге егін егеміз. Оның негізгі бөлігін бидай алса, одан бөлек, сұлы, арпа және күнбағыс дақылдары бар, - дейді шаруашылық басында тиянақты еңбек ететін Любовь Васильевна. – Еңбек күші уақыт ағымымен бірге жасарып келеді. Ардагер жұмысшыларымыздың орнын олардан кем түспейтін еңбекқор ұлдары басады. Біз оларға әрдайым қолдау танытуға тырысып, біліктіліктерін арттыру курстарына жіберіп тұрамыз.


Жалпы шаруа қожалығында 15 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы дерлік ауыл тұрғындары. Қожалықтың алғашқы құрылған күнінен жұмыс істейтін байырғы еңбеккерлері Қ.Бектеміров, С.Рахматуллин, В.Морощенко өз істерінің нағыз шеберлері. Сондай-ақ, жас механизаторлар да аз уақыттың ішінде еңбек еншісін еселеп үлгерген. Олар Александр Сафонов, Виктор Фогельман және Алексей Никулин.
Былтырғы жылы қожалық мате-риалдық-техникалық базасын жа-ңартып, «ҚазАгроҚаржы» арқылы өз қаражаттарына 5 жаңа «Беларусь» тракторын, 2 комбайн және КамАз сатып алды. Жаңа еңбек техникаларын тізгіндеген шаруа қожалығының алға қойған жоспарлары да аз емес. Алдағы уақытта жер алып, шаруашылық аясын кеңейтуді көздеп отыр. Алайда, ауыл маңында бос егістік жерлерінің болмауына байланысты бұл мәселе әзірге шешімін таба қойған жоқ. Егін егіп, өнім алған ерлі-зайыпты еңбекқор шаруаларға көмектесіп, шаруашылықтың бір басына шығу үшін қыздары Наталья мен Светлана отбасымен Красноярск қаласынан арнайы көшіп келген. Олар да отбасылық кәсіптің тасы өрге дөңгелеуін тілейді.
- Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың асамаңызды бағыты болып отыр. Сол себепті ауыл шаруашылығы өр-кендеуі тиіс. Бұл сала шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Дегенмен қазіргі таңда егіннің өнімді болуына табиғаттың орнықты болуы жеткіліксіз. Уақыт өткен сайын аталмыш салада жаңа техникалар шығарылып, шаруа барысы өзгеруде. Бұл жерде заманға сай, барлығын тез меңгеретін жастардың еңбек еткені дұрыс. Балаларымыздың біздің шаруашылығымызды жалғастыруына сол себепті қуандық. Демек, біздің еңбек тоқтамайды дегенді білдіреді, - дейді Любовь Васильевна.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз