Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мектеп өмірінде дәстүрге мерекеге айналған бұл мерекені оқушылар асыға күтеді. Күз молшылық сән-салтанат айы. Жеміс-жидектер пісіп, қамбаларға астық құйылып, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Еңбекшілер жиын-терін аяқталғаннан кейін «Сабантойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі тойланады.


Аудан орталығындағы Ж.Шәйжүнісов атындағы орта мектептің 1 «а» және 4 «а» сыныптарында іс-шаралар жоспарына сәйкес «Алтын күз» мерекесі өтті. Мерекелік кеште балаларымыз тақпақ айтып, ән салып, мың бұрала билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ертеңгілік барысында сыныптарда «Күз сыйы» атты бұрыш ұйымдастырды. Қоңыр күз мезгілінің келгенін сол дастарқанға қарап-ақ білуге болады. Сондай-ақ, балаларымызға білім беріп, жақсы тәрбие беріп, дұрыс бағыт-бағдар берген ұстаздары Бақытгүл Қазбекқызы және Ақбота Сабырбекқызы сынды педагогтардың балаларымыз үшін сіңіріп жүрген еңбегі үлкен деп білеміз. Балаларымызға осы мерекеде жақсы көңіл-күй сыйлаған білікті сынып жетекшілеріне алғысымыз шексіз.
Біздің 1 «а» және 4 «а» сыныпта білім алатын балаларымыз өте өнерлі, білімді деп айтсақ қателеспейміз. Ендеше әрбір мерекемізді көңілді қарсы алайық, балаларымыздың жүзі күлкіге толы болсын!


Клара Туенбаева, 1-4 сыныптың
ата-аналар комитетінің мүшесі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз